Бюджет түсімі 40 млрд теңгеге жуықтайды деп күтілуде

66

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізуде. Өз сөзінде Бақытжан Әмірбекұлы қалалық бюджеттің түсімдеріне тоқталып өтті.

– Соңғы 3 жылда салықтық түсімдер 211,8 пайызға өсті. Ал салықтық емес түсімдер 201,8 пайызға артып отыр.

2022 жылдың қорытындысымен қаламыздың қазынасына 19  млрд теңге салық түссе, 2024 жылдың қорытындысымен 35,8  млрд теңге түсті. Ал ағымдағы жылдың жоспары 39 млрд теңгеден артып отыр. Оның ішінде негізгі салықтардың барлық түрінен қарқынды динамика қалыптасуда.

Тиісті жауапты органдармен жергілікті бюджетке түсетін түсімдерді ұлғайту жөнінде 2025-2027 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілген. Жоспарға сәйкес әкімдікке қарасты бюджеттік мекемелер және тиісті уәкілетті органдармен жүйелі жұмыстар жүргізілуде, – дейді қала әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.