Бублик әлемнің бірінші ракеткасын жеңді

55
Бублик әлемнің бірінші ракеткасын жеңді
Фото: ҚТФ
https://turkystan.kz/article/262578-bublik-alemnin-birinsi-raketkasyn-zendi

Әлемнің 45-ші ракеткасы, Қазақстанның өкілі Александр Бублик Галледе (Германия) өтіп жатқан ATP-500 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты.

Екінші айналымдағы кездесуде Бублик «Үлкен дулыға» турнирлерінің үш дүркін чемпионы, әлемнің бірінші ракеткасы, италиялық теннисші Янник Синнерді (1) 3:6, 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Осылайша Синнер өткен жылғы Галле чемпионы атағын қорғай алмады.

Бублик Галледегі турнирдің жартылай финалына жолдама алу үшін әлемнің 23-ші ракеткасы чехиялық Томаш Махачпен кездеседі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.