«Болашақ» атты квест ойыны өтті

Тараз қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің “Жастар ресурстық орталығы” тапсырысы «Нығмет нұры»  қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша мақсатты іс-шаралар өткізу» жобасы аясында И.Панфилов атындағы мектеп-гимназиясы акт залында  №39,45,47,51 мектеп/гимназия оқушылары арасында «Болашақ» атты квест ойыны өтті.

41

«Болашақ» атты квест ойыны 4 тапсырмадан тұрды:

  1. “Сөз жұмбақты шешейік”. Оқушыларға “Құқық” жіне “Міндет” сөзі жасырылған сөз жұмбақ берілді.
  2. “Оқушының құқығы” мен “Оқушының құқығы”. Оқушылырға оқушының міндеті мен құқығы жазылған сөздер конвертке салынып берілді, сол сөздерді арнайы берілген параққа бөліп жапсыру. Бір парақта оқушының міндеті, екінші параққа оқушының құқығы жапсырылуы қажет. Дұрыс әрі бірінші орындаған топқа ұпай беріледі.
  3. “Жауапкершілік түрлері”. Оқушыларға алдын ала “Жауапкешілік түрлері” туралы ақпарат парағы беріледі. Оқушылар материалмен танысады, жүргізуші сол берілген материалдан сұрақтар қояды, тез, әрі дұрыс жауап берген топқа ұпай берілді.
  4. “Нақыл сөздерді құрастыр”. Ғұлама, ақындардың тәртіп, тәрбие туралы нақыл сөздерінің сөйлемдері орын ауыстырылып берілді. Тапсырма нақты сөздердің орынын дұрыс қою, нақыл сөзді құрастыру. Дұрыс құрастырған топқа ұпай беріледі. Квест ойыны қызықты және тартысты өтті. Бірінші орынды Б.Момышұлы атындағы №45 мекткп-гимназиясының оқушылары иеленді. Құттықтау сөз Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Жамбыл облысы бойынша өкілі — Берікбол Ұзақұлы Байхожаевқа берілді, өз сөзінде қатысушыларды жеңісімен құттықтай келе, “Дос болайық” акциясының аясында құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған осындай шаралардың мәні зор екендігіне тоқталды. Жеңімпаздар арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.