Биыл 101 жамбылдық радикалды бағыттан қайтарылды – Ж. Омаров

624

Жамбыл облысы əкімдігі ішкі саясат басқармасы «Өңірлік коммуникациялар қызметінің» алаңында облысы әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаровтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Жангелді Жайлауұлы «Жамбыл облысындағы діни ахуалдың жай-күйі мен дін саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» баяндап, журналистердің сұрақтарына жауап берді.
Облыстағы діни бірлестіктер мен филиалдар саны – 341. Оның ішінде, 295 мешіт пен 46 шіркеу бар. Облыстағы 295 мешітте 411 діни қызметкер еңбек етеді (69 бас имам, 45 наиб имам, 230 молда, 28 азаншы, 39 ұстаз). Аталған діни қызметкерлердің 12,6%-ы жоғары білімді, 21%-ы орта білімді, қалған 66,4%-ы қысқа мерзімді сауат ашу курстарын бітірген. Облыс әкімінің тапсырмасына сай, мешіт қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мақсатында, ағымдағы жылдың тамыз айында «Нұр-Мүбәрак» университетінің оқытушылар құрамын Тараз қаласына шақырып, 100 имамға арналған 2 апталық оқыту курсы ұйымдастырылды. Облыс бойынша 1 мешітте ғана имам жоқ. Шетелдік 8 азамат миссионер ретінде тіркелген.
Сондай-ақ, интернет желілерінде деструктивті діни идеологияларға қарсы 1687 ақпараттық материал орналастырылды. 2018 жылдың 8 айында жүргізілген оңалту және қоғамға бейімдеу жұмыстарының нәтижесінде, 101 азамат радикалды райынан қайтып, қоғамға бейімделді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.