Бішкекте қазақстандық әйгілі суретшінің жеке көрмесі ашылды

549

Бішкекте қазақстандық әйгілі суретші Жақып Құттыбектің жеке көрмесі ашылды. Қолданбалы өнер жұмыстары паш етілген мәдени шара Шыңғыс Айтматовтың 90 жылдығы мен ІIІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына орайластырылып отыр.

«Ұлы дала әуені». Көңіл сүйсініп, көз тоятын көрме осылай аталады. Жақып Құттыбектің еңбегінен ертедегі көшпенді қазақтың өмір салты мен тірлігін аңғарасыз. Тиянақтылықпен жасалған туындыларға қырғызстандық суретшілер де жоғары баға берді. Юристанбек Шигаев, Қырғызстанның Халық суретшісі:

— Автордың көшпенділер ұрпағы екенін жұмысынан-ақ көресіз. Тиісінше бұл Жақып Құттыбектің жанына жақын тақырып. Әсіресе Шыңғыс Айтматов жайындағы еңбегі әсерлі шыққан. Тек көшпенділер мәдениеті көрініс таппаған. Көрмеде Шыңғыс Айтматовтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін туындылар да бар. Автор бұл жолы қазақ пен қырғызға ортақ тұлғаны ерекше кейіпте суреттепті.

Жақып Құттыбек, ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері:

— Жұмыстарымнан түркі әлеміне ортақ мәдениетті аңғаруға болады. Көшпенділердің болмысын ерекше образда жеткізгім келді. Көпшілік назарына жерлесіміздің 50-ден аса қолөнер туындысы қойылды. Тұрғындар дарынды суретшінің жеке көрмесін қыркүйектің біріне дейін тамашалай алады.

Ал екісі күні III Дүниежүзілік көшпенділер ойыны басталмақ. Яғни сол дүбірдің алдында бұл шара айрықша мәнге ие болып отыр.

 24.kz 

Leave A Reply

Your email address will not be published.