Біліктілігін арттырған имамдарға сертификаттар тапсырылды

608

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетінің тапсырысы бойынша Астана қаласында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығының ұйымдастыруымен «Дін саласындағы теологтар мен басқа да мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру (Астана қаласында)» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Курс 2018 жылдың 20 қараша – 8 желтоқсан аралығында өткізілді. Курсқа СҚО, ШҚО, Ақмола, Қарағанда, Павлодар, Қостанай облыстары және Алматы қаласынан 80 діни қызметшілері қатысты.

Курс мақсаты – деструктивті діни ағымдардың идеологиялық ықпалына ұшыраған тұлғаларды дерадикаландыру және оларды райынан қайтару және алдын алумен айналысатын теологтар мен дін саласындағы басқа да мамандарды даярлау болып табылады.

Курсқа қатысқан теологтар мен дін саласындағы басқа да мамандардың және білім деңгейі көтерілгендігін нақты анықтайтын белгілер мен көрсеткіштері көрсетілген және өткізілген курстың сапасын бағалау үшін тапсырыс берушімен алдын-ала келісілген екі сынақ жасалынды (1 сынақ курсты өтпей тұрып, 2 сынақ курсты аяқтағаннан кейін). Сынақ нәтижесі бойынша қорытынды тест жауаптары нәтижесі курстың жоғары сапада, діни қызметкерлерле өте пайдалы өткендігін көрсетті.

Курсты тыңдаушылардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру мақсатында жазбаша және электрондық форматтағы ақпараттық және таратылатын материалдармен (буклет, кітаптар, анықтамалар, әдістемелік құралдар, бейне және аудио материалдар және т.б.) қамтамасыз етілді.

Тыңдаушылардың біліктілігін арттыру курстарында тыңдаған сағат санын және пәндердің атаулары көрсетілген құжаттармен қамтамасыз ету.

Курсқа қатысушы дінтанушылардың барлық шығындары (жол ақысы, 3 мезгіл тамақтану және жататын орын) ұйымдастырушылар тарапынан толық төленді.

Курс қорытындысы бойынша курсты толық аяқтаған дінтанушыларға сертификаттар табыс етілді.

Бүгінгі таңда курс Астана қаласынан бөлек Атырау және Алматы қалаларында да өткізілді. Жалпы республика көлемінде курс барысында 3 қалада 190 діни қызметшінің біліктілігін арттырылды.

Абзал Есіркепов

Leave A Reply

Your email address will not be published.