30 діни қызметші біліктілігін арттырды

820

Қазақстан Республикасы Қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитетінің тапсырысы бойынша Атырау қаласында «Жаңа-Ру» жастар коалициясының қауымдастығының ұйымдастыруымен «Дін саласындағы теологтар мен басқа да мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру (Атырау қаласында)» тақырыбындағы әлеуметтік жобасы жүзеге асырылды. Курс 2018 жылдың 21 қараша – 8 желтоқсан аралығында өткізілді. Курсқа Атырау облысы, БҚО, Маңғыстау және Ақтөбе облыстарынан 30 діни қызметшілері қатысты.

Курс мақсаты – деструктивті діни ағымдардың идеологиялық ықпалына ұшыраған тұлғаларды дерадикаландыру және оларды райынан қайтару және алдын алумен айналысатын теологтар мен дін саласындағы басқа да мамандарды даярлау болып табылады.

Курс барысында арнайы дайындалып, бекітілген бағдарлама бойынша дінтану саласының білікті мамандары, «Нұр-мүбарак» университетінің профессор-оқытушылар құрамы Илимбаев Ризабек, Сабдин Асқар, Стамбакиев Нұржан және т.б. ұстаздар сабақ өтті.

Курсқа қатысқан теологтар мен дін саласындағы басқа да мамандардың және білім деңгейі көтерілгендігін нақты анықтайтын белгілер мен көрсеткіштері көрсетілген және өткізілген курстың сапасын бағалау үшін тапсырыс берушімен алдын-ала келісілген екі сынақ жасалынды (1 сынақ курсты өтпей тұрып, 2 сынақ курсты аяқтағаннан кейін). Сынақ нәтижесі бойынша қорытынды тест жауаптары нәтижесі курстың жоғары сапада, діни қызметкерлерле өте пайдалы өткендігін көрсетті.

Курсты тыңдаушылардың құқықтық және діни сауаттылығын арттыру мақсатында жазбаша және электрондық форматтағы ақпараттық және таратылатын материалдармен (буклет, кітаптар, анықтамалар, әдістемелік құралдар, бейне және аудио материалдар және т.б.) қамтамасыз етілді.

Курсқа қатысушы дінтанушылардың барлық шығындары (жол ақысы, 3 мезгіл тамақтану және жататын орын) ұйымдастырушылар тарапынан толық төленіп берілді.

Курс қорытындысы бойынша курсты толық аяқтаған дінтанушыларға 180 академиялық сағаттан тұратын оқу бағдарламасын толық игергендігі туралы сертификаттар табыс етілді.

Бүгінгі таңда курс Атырау қаласынан бөлек Алматы және Астана қалаларында да өткізілді. Жалпы республика көлемінде курс барысында 3 қалада 190 діни қызметшінің біліктілігін арттырып үлгерді.

Абзал Есіркепов

Leave A Reply

Your email address will not be published.