Бес бастама – береке бастауы

276

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бес әлеуметтік бастамасы өңірлерде қандай деңгейде жүзеге асырылып жатыр? Осы орайда, «Нұр Отан» партиясы Т.Рысқұлов аудандық филиалында бес әлеуметтік бастаманың іске асырылуын бақылау жөнінде қоғамдық қабылдау өтті. Бұл туралы «08info» ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қабылдауға Президенттің бес әлеуметтік бастамасын бақылау жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі,облыстық мәслихаттың депутаты және аудандық бөлім басшылары қатысты.Елбасы ұсынған бес бастама соның ішінде «7-20-25» бағдарламасының орындалуы  барысы кеңінен қаралды. Қабылдауға  тұрғындардың көпшілігі тұрғын-үй мәселесі бойынша үй алу немесе кәсіп ашу  үшін қандай мүмкіндіктер бар деген сауалдармен келген. Сондай-ақ, техникалық және айлық аз алатын қызметкерлердің айлықтарын көтерудің басқа жолдары мен жатақхана, көп балалы және аз қамтылған отбасыдан шыққан білімгерлерге жеңілдік немесе төлемақыны бөліп төлеуді қарастыру туралы ұсыныстарын жеткізді. Сонымен қатар, кездесу барысында халыққа міндетті медициналық сақтандыру турасында қысқаша түсінік берілді.

taraztv.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.