Белгілі қазақстандық журналист Лев Тараков дүниеден өтті

113

Қазақстандық журналист, «Время» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы Лев Тараков 59 жасында дүниеден озды. Марқұмның қазасына байланысты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева көңіл айтты.

«Бүгін Қазақстан журналистика саласының дамуына, отандық медиакеңістің қалыптасуына үлес қосқан белгілі азамат, көрнекті қайраткер Лев Тараков 59 жасында мезгілсіз өмірден өтті.

Лев Юрьевич білікті медиаменеджер, шығармашыл тұлға, талантты әрі шебер публицист болатын.

Тәуелсіз Қазақстан журналистикасының көгінде тағы бір жарық жұлдыз сөнді.

Онымен ұзақ жылдар бойы таныс болып, кәсіби тұрғыда тығыз қарым-қатынаста жұмыс істегеніме, жылы тілдесіп, жақын араласқаныма қуаныштымын.

Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі із қалдырған азаматтың аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады деп сенемін.

Туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», — деп жазды министр Facebook парақшасында.

turkystan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.