Байзақтық студенттер солтүстікке сапарлап қайтты

451

Елбасы Н. Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында халықтың тарихи құндылықтарын, мәдениетін, салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сақтап қалудың маңыздылығын атап өткен еді. Осы мақсатта облыс әкімдігі білім басқармасының ұйытқы болуымен №3 Байзақ колледжінің бір топ студенттері Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласына экскурсияға барып қайтты, – деп хабарлайды «08info» ақпарат агенттігі.

«Нәтижелі жұмыспен қамту» бағдарламасы шеңберінде аталмыш колледждің «Тамақтандыруды ұйымдастыру», «Автомобиль көлігін жөндеу және қызмет көрсету» мамандықтары бойынша білім алып жатқан, көп балалы, аз қамтылған отбасылардан шыққан бірінші курстың жиырма бес студенті Петропавл қаласының көрнекті жерлерін аралады. Студенттер №3 Байзақ колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Салтанат Мейрбекова, тарих пәнінің оқытушысы Ержан Әлішер, медбике Қалия Есенованың жетекшілігімен бес күндік сапардан үлкен әсер алып қайтты.

Экскурсия барысында олар алдымен Абылайхан ордасының мұражайында болып, оның құрылу тарихымен, тарихи жәдігерлермен, ұлы қолбасшының өмірімен және ерлігімен танысты. Сондай-ақ, қаладағы тарихи өлкетану мұражайы мен Солтүстік Қазақстан облысының бейнелеу өнері мұражайын аралап, танымал суретшілердің туындыларын тамашалап, өлке тарихы туралы мол мағлұмат алды. Ботаникалық баққа экскурсия жасап, Есіл өзені жағасында ұйымдастырылған «Өңірлік Мөңке балық күні» мерекесіне қатысты. Мерекелік шараға белсене атсалысып, Алғыс хат иеленіп, «Қызылжар» телеарнасына сұхбат берді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.