БАСПАНА — БАҚЫТ МЕКЕНІ

54
Мемлекеттің басым бағыттарының бірі – баспана мәселесін барынша шешу. Халықты тұрғын үймен қамту саясаты Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың басты назарында.
Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде облыста тұрғын үйлер салу бағытында ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.Жаңатас қаласы да жыл санап қайта жанданып, тұрғындар саны артып келеді. Осы орайда, тұрғын үй кезегіне де сұраныстың артып отырғаны белгілі.
Бүгін Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай және 7 мамыр — Отан қорғаушылар күніндеЖаңатас қаласындағы М.Сұлтанғазиев көшесіндегі №3 және №7 тұрғын үй қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді.
Пәтер кілтін табыстау салтанатында аудан әкімі Сәкен Мамытов құттықтау сөз сөйлеп, қоныс той иелерін қуаныштарымен құттықтады. Бұдан кейін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Аппазов сөз сөйлеп, ізгі тілегін жеткізді.
Жаңа пәтерге ие болған азаматтарға пәтер кілттері салтанатты жағдайда табысталды. Мерейлі сәтте шад -шадыман күй кешіп, пәтерге ие болған тұрғындардың атынан Әбдісадық Ахметов сөз сөйлеп, мемлекет саясатын іске асыруда қолдау көрсеткені үшін аудан басшылығына алғысын білдірді. Жаңа тұрғын үйдің лентасы салтанатты жағдайда кесілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.