«Банк басшысының түрін қолданған»: Halyk+ платформасына қатысты алаяқтық ескертілді

87

Ішкі істер министрлігі жасанды интеллектпен жасалатын интернет алаяқтықтың жаңа түрін анықтады. 

Желіде deepfake арқылы банктердің бірінің басшысының бейнесі қолданылған видео таралып жатыр. Бұл роликте азаматтарға Halyk+ деп аталатын инвестициялық платформаның көмегімен ірі көлемде ақша табуға болады деген жалған ақпарат айтылады.

Ішкі істер министрлігі мұндай платформаның жоқ екенін мәлімдейді. Таралып жатқан ақпарат жалған және азаматтарды адастыруға бағытталған. Бұл ақшалай шығынға әкелуі мүмкін.

Қазақстандық әйел алаяқтарға сеніп, өзін құтқармақ болған полициядан қашқан“Азаматтар кез келген белгісіз онлайн платформалар арқылы ақша салу туралы ұсыныстардың алаяқтық тәуекелі жоғары екенін естен шығармауға тиіс. Қауіпсіздік мақсатында қаржылық операцияларды тек банктердің ресми бөлімшелеріне жеке барып жүргізу қажет”, – делінген хабарламада.

Ішкі істер министрлігі азаматтарды:

  • желілердегі күмәнді бейнероликтер мен жарияланымдарға сенбеуге;
  • белгісіз сілтемелерге өтпеуге;
  • жеке деректерді үшінші тұлғаларға бермеуге;
  • ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырады.
  • Фото: Pixabay.com
  • Stan.kz ақпарат агенттігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.