Балам екі тепкені үшін 15 жыл арқалауы керек пе? – Сәкиевтің анасы

62

Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысында айыпталушы Равиль Сакиевтің анасы, адвокат Баян Сарманова судьядан ұлына әділ үкім шығаруды сұрады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бәрінің қолында пышақ болды. Бәрі жабылып ұрып жатса, марқұм Шерзаттың сау-тамтығы қалмайтын шығар деп ойлаймын. Әрине бұл – ата-ана үшін орны толмас қайғы. Тағы да анасынан кешірім сұраймын. Мұндай оқиға боларын ешкім білген жоқ, – дейді ол.

Оның айтуынша, баланың ажалы келген.

Менің балам екі рет барып, аяқпен тепкені үшін мемлекеттік айыптаушының сұрауы бойынша 15 жыл арқалап кетуі мүмкін бе? Сонда Жаңа Қазақстан қайда? Болашағымыз қайда? – дейді анасы.

Еске сала кетейік, мемлекеттік айыптаушы Дана Сәрсенбай марқұм Шерзат Болатты тірі болуға лайық еді деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Шерзат ісі бойынша қоғамда үрей бар екенін айтты.

Прокурорлар сотталушыларға 23 жылға дейін жаза беруді сұраған болатын. Сондай-ақ прокурор айыпталушыларға қандай жаза тағайындайтынын мәлімдеген еді. Соның ішінде кәмелетке толмаған Думан Ысқаққа ҚК 434-бабы (ауыр қылмыс туралы хабарламау) бойынша 1 жыл 6 ай бас бостандығынан айыру жазасын сұраған еді.

Жәбірленуші тараптың адвокаты Мейірман Шекеев жарыссөз кезінде маңызды мәлімдеме жасады. Айтуынша, Шерзаттың туыстары кәмелет жасқа толмаған сотталушы Думан Ысқақты кешіруге дайын.

Сондай-ақ, бүгінгі сот отырысында сотталушының адвокаты Шерзат пен оның туыстарына қылмыстық іс қозғауды сұрады. Жарыссөз кезінде сотталушылардың бірінің адвокаты Нұрлан Келебаев кінәсіздік презумпциясының бұзылғаны мен іске қоғамдық қысымның әсер еткенін мәлімдеді.

Дархан Әскентайдың адвокаты оның кінәсін дәлелдеуге негіздер жеткіліксіз деген мәлімдеме жасап, оны ақтауды сұрады. Сондай-ақ айыпталушы Абзал Шынасылдың адвокаты Жұмат Әбенов мәлімдеме жасап, соттағы куәлік пен сараптамалық қорытынды арасында айтарлықтай қайшылықтар бар екенін алға тартты. Ол іске тіркелген пышақ пен нақты оқиға арасындағы сәйкессіздікке назар аударып, пышақты Шерзаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов абайсызда салуы мүмкін екенін айтты.

Адвокат Жұмат Әбенов резонансты мәлімдеме жасап, халықты сабырға шақырды. Бүгінгі сот отырысының соңында ол айыпталушы Абзал Шынасылдың шынайы болғанын, бірақ бір сәттік сенгіштігі өзіне кері әсер етіп, істі мойнына ала салғанын айтты.

https://baq.kz/amp/news/othernews/balam-eki-tepkeni-ushin-15-zhyl-arqalauy-kerek-pe-sakievtin-anasy-200014717/?fbclid=IwY2xjawKsx4NleHRuA2FlbQIxMQBicmlkETExSzhrTDlnZUtucklpMHZqAR4_Hd9I6OWam-CEHzzOjiJmzAMT1rt3Cdu_xW96JFTh9KYGv7xO148SbMCz7Q_aem_IKC5cXmW9sTo-JESQZ8xAg

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.