Бағдарлама аясындағы жұмыстар нәтижелі атқарылуы тиіс

229

Ауданда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында біршама жұмыстар атқарылуда. Соның бірі А.Назарбеков ауылына су жеткізу үшін Байбарақ каналын қайырдан тазалау және қазу жұмыстары. Ол туралы Қызылтал ауылдық округінің әкімі Мұхит Тілеужанов айтып берді.
-Біздің округте 1340 адам тұрады. Негізінен ауыл егін, мал шаруашылығын қолға алған. Суармалы жер көлемі 1190 га жер. Облыс әкімі Бердібек Мәшбекұлының қолдауымен «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша Байбарақ каналының қайырдан тазалау үшін 8 млн. қаражат бөлініп отыр. Бұл жұмыстарды мердігер «КазНационал Корпаратион» ұтып алып, қазіргі таңда жұмыстарды бастап кетті. Бұл канал бізге үлкен мәселе туғызған еді, себебі көктем кезінде алдын қайыр басып, тұрғындарға ағын су жеткізу қиындайтын. Енді бұл канал 1 ай мерзімде аяқталады. Жалпы ұзындығы 8 км жер қызылып, екі жерден қашыртқы қойылмақ. Бұл жұмыстарды уақытында аяқталады — деді округ әкімі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.