Б. Сағынтаев әкімдерге нарықтардың азық-түлік өнімдерімен толығуын бақылауды тапсырды

581

Бүгін ҚР Үкіметінің отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға тұрақтылығын қамтамасыз ету туралы мәселені қарастыру барысында ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрлерінің әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы мәселелері туралы баяндамаларын тыңдаған соң Премьер-Министр өңірлердің әкімдеріне нарықтардың азық-түлік өнімдерімен толығуы, сауда инфрақұрылымын дамыту және делалдарды болдырмау бойынша шараларды іске асыруды бақылауға алуды тапсырды. Мейрам күндері көп желтоқсан айында бұл мәселеге ерекше көңіл бөлінуі керек. Бұл жағдай ескеріліп, қатаң бақылауға алынуы тиіс.

Сонымен қатар Б. Сағынтаев жиналған өнім мен екінші деңгейлі банктердегі депозиттерде қаражаттың болуына қарамастан, Тұрақты қорлардағы қор тиісті дәрежеде толықтырылмай отырғанын айтты. Баға өсіп жатыр. Ал кейбір өңірлерде депозиттер банктерде еш қозғаусыз жатыр, Тұрақты қорлар болса, өз жұмыстарын толық атқарып отырған жоқ.

Ұлттық экономика және ауыл шаруашылығы министрліктеріне баға динамикасына және Тұрақты қорлардың қалыптасуына тұрақты түрде үйлестіру және мониторинг жұмыстарын жүргізу тапсырылды.

primeminister.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.