Атап айтқанда, тасымалдаушы компания «RashLau» ЖШС тарапынан «Isuzu» маркалы 20 бірлік автобус жеткізіліп отыр.Олардың ұзындығы 9 метрді, жалпы сыйымдылығы 70 адамды құрайды. Төмен еденді автобуста мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған пандус, сондай-ақ қауіпсіздікті сақтау мақсатында бейнебақылау камералары қарастырылған.



