Мемлекет басшысы”Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан:өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу”атты Қазақстан халқына Жолдауында”Өскелең ұрпақ бақытты,берекелі өмір сүруге тиіс.Сол үшін бәріміз бір ұлт болып,табанды еңбек етуіміз керек.Бұл-баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс,аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет”,-деген еді.Озық ойлы ұрпақ өсіру үшін білім мен тәрбие әрдайым қатар жүруі керектігін де биылғы жылы өткен Ұлттық құрылтайда да баса айтты.Ел Президентінің білім беру мекемелерінде психологиялық қолдау қызметтерін күшейту жөніндегі тапсырмасын орындау мақсатында барлық өңірлерде құрылған Психологиялық қолдау орталықтарының құрылғанына да бір жылдан асты.Жамбыл облысы әкімінің 14.05.2024 жылғы қаулысымен ашылған “Облыстық психологиялық қолдау орталығы”да аз уақыт ішінде психологиялық қызметтің бірыңғай жүйесін құрып,нәтижелі жұмыстар атқарып жатқанын байқауға болады.402 мектеп пен 9 колледждегі психологиялық қызметтің сапасына зерделеу жүргізіп,ұсыныс хаттар жолдаған.1585 білім алушыға психологиялық көмек көрсеткен.22 әдістемелік семинар мен 27 тренинг өткізіп,білім беру ұйымдарының сайттарында,әлеуметтік желілерде 210 бейнероликтер жариялап,”Интернетсіз қоғам”атты челлендж ұйымдастырған.Жасөспірімдер арасында аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу мақсатында диагностика жүргізіп,317 баланы “тәуекел”тобына енгізіп,100 оқушы денсаулық сақтау басқармасы арқылы жалпы тәжірибелік дәрігерге,31-і жастар денсаулық орталығының мамандарынан арнайы көмек алған,32 бала облыстық психологиялық қолдау орталығынан кеңес алуда.154 баланың ата-аналары психологиялық көмектен бас тартқан.”Жамбыл-109”Call орталығының бір желісі орталыққа беріліп,24/7 арнайы орталықтың бекітілген психолог мамандары жұмыс жүргізуде.Оқушылардың психологиялық хауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жасанды интеллектке негізделген WeGlobal.ai платформасы ағымдағы оқу жылында Тараз қаласы мен Байзақ ауданында пилоттық жоба ретінде жұмысын бастаған.Жоба оқушылардың эмоционалдық жағдайын үнемі бақылап,тәуекел тобына жататын балаларды ерте кезеңінде анықтауды көздейді.Жобаға 120 дан астам мектеп қатысатын болады.Ең бастысы-облыстық білім басқармасы облыстық прокуратурамен,облыстық полиция департаментімен келісілген жаңа оқу жылына арналған психологиялық қызметтің бірыңғай жылдық жұмыс жоспарын әзірлеп,білім беру ұйымдарына жолдаған.Атқарылған жұмыстарды қарай отырып,өз тарапымнан бірқатар ақыл-кеңестер бердім.Жүсіп Баласағұни айтқандай:”Адам екі нәрсе арқылы қартаймайды.Біріншісі-қайырымды ісі,екіншісі-мейірімге толы сөзі”.Сондықтан,өмірлік тәжірибемізбен бөлісіп,ақыл-кеңесімізді айтып,мейірімге толы сөзімізді аямайық!Абай атамыздың 37-ші қара сөзінде”Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді…”демекші,білім саласында атқарылып жатқан игілікті істерді де ұмытпай айта жүрейік!