ҚАЗАҚ-ҚЫРҒЫЗ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫНЫҢ ЖАҢА БЕЛЕСІ

1 038

Бүгін Қырғыз Республикасы Үкіметінің Талас облысындағы өкілетті өкілі Марат Мұраталиев бастаған делегация Жамбыл облысында іс-сапармен болды. Жұмыс сапары барысында тараптар екі облыс арасындағы ауыл шаруашылығы, туризм, өнеркәсіп салаларындағы екі жақты ынтымақтастықты арттыру бойынша меморандумдарға қол қойды.


Олардың қатарында:
— Осындай іс-шара Талас облысында ұйымдастырылатын болса бидай, ұн және ет өнімдерін жеткізу қажет;
— Жамбыл облысынан сиыр етін импорттауға квота бөлу;
— Жамбыл облысына Талас облысынан жеміс-көкөністердің ерте пісетін өнімдерін жылыжайға жеткізуге көмектесу;
— Талас облысына бидай, ұн және ет өнімдерін тасымалдау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру;
— Жамбыл облысынан сиыр етінің импортына квота бөлу;
— Талас облысынан Жамбыл облысана жылулық және ерте көктемдік шаруашылық өнімдерінің түрлерін тасымалдауға көмектесу;
— Талас өзені туралы мемлекетаралық су бөлісу бойынша бекітілген кестеге сәйкес Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының арасындағы су ресурстарын әділ бөлу;
— Қазақстандағы ауылшаруашылық өнеркәсіптері үшін Кож және Райс каналдары бойынш суару уақытында үзіліссіз су берумен қамтамасыз ету;
— 1948 жылғы Куркуреусу өзенін бөлу бойынша ережеге сәйкес, Жамбыл облысы Жуалы ауданының ауылшаруашылық өнеркәсіптерін Куркуреусу өзені арқылы Ақмолда, Каратаки және Томентамга қаналдарын сумен қамтамасыз ету;
Еске сала кетейік, «Айша бибі» бекетінен делегацияларды күтіп алу шарасынан кейін, Жамбыл және Талас облыстарының Халықаралық ынтымақтастық пен бизнес-қоғамдастық арасындағы серіктестік қатынастарды орнату үшін, Тараз қаласында орналасқан Достық үйіне келді. Мұндағы кездесу барысында В2В өнеркәсіптік өнімнің экспортын орнату іс-шаралары және әрі қарай серіктестік мәселелері қарастырылды. Кездесу аясында облыстың тауар өндіруші өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өнімдерінің көрмесі өтті. Жамбыл өнеркәсіптері ауқымды түрде аяқ-киім, тоқыма және жеңіл өнеркәсібінің басқа да өнімдерін, сонымен қатар құрылыс материалдарын, энергоүнемді шамдардың ауқымды ассортиментерін, аграрлық секторының былғары, сүт және шұжық өнімдерін ұсынды.
Сапардың іскерлік бөлігі аяқталғаннан кейін «Баласағұн» орталық концерт залында «Бірлігіміз жарасқан» атты Жамбыл облысы мен Қырғызстан Республикасы Талас облысы әртістерінің қатысуымен фестиваль өтеді.
Сапар соңында қонақтар Жамбыл облысының тарихи-мәдени ескерткіштерімен танысты. Мұндай кездесулер шекаралас облыстардың ынтымақтастықтарын одан әрі нығайтады.

 

Leave A Reply

Your email address will not be published.