Бүгін аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Ерлан Ермағанбетовтың төрағалығымен Сарысу ауданы әкімінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық — демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша «Жастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жөніндегі жастар ресурстық орталықтарының жұмысы туралы баяндау, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру бойынша атқарылған іс-шаралар» туралы аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің директоры Мадина Прімбек баяндама жасады.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша «Аудандағы кәсіпкер қыз-келіншектердің жеткен жетістіктері мен атқарған жұмыстары туралы» Жамбыл облысы бойынша «Іскер әйелдер қауымдастығы» Сарысу ауданындағы өкілеттігінің жетекшісі, комиссия мүшесі Раушан Әшімованың есебі тыңдалды.
Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша «Ерте жүктіліктің, жасанды жүктіліктің алдын алу медика-санитарлық ұйымдарда жастар денсаулық орталықтары немесе кабинеттері жұмыстарының мониторингі және әйел азаматшаларды скринингтен өткізу туралы» аудандық орталық аурухананың меңгерушісі Ернар Бақытұлы атқарылған жұмыстарға тоқталып өтті.
Жиында елімізде гендерлік саясатты жүзеге асыру, әйелдердің қоғамдағы рөлін арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту, ана мен баланы қорғау – мемлекеттік маңызы бар міндеттердің бірі екендігі айтылып, бірқатар басшыларға тиісті тапсырмалар берілді.