Жайылма ауылындағы өнер кеші жоғары деңгейде ұйымдастырылып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Ауыл азаматтарының белсенділігі, жас ұрпақтың сахнада өздерін еркін сезінуі – өңіріміздегі мәдени дамудың көрінісі.![]()

«Жеңістің туы желбіресін» атты өнер фестивалі әр аптаның жұмасында ауданның өзге де ауылдық округтерінде жалғасын табады. Бұл бастама ауыл өнерін қолдау, ел тарихын ұлықтау және рухани жаңғыру аясындағы игі шаралардың бірі болып табылады.![]()
