Автор: Админ
-

СУ ҮНЕМДЕУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ 76,8 МЫҢ ГЕКТАРҒА ЕНГІЗІЛДІ
Облыста суармалы суды тиімді пайдалану мақсатында су үнемдеу технологиялары ендірілген алқап көлемін жылдан жылға ұлғайту бойынша жұмыстар жүргізілуде.Биылғы жылы заманауи технологиялар енгізілген алқапты 76,6 мың гектарға жеткізу жоспарланса, бүгінгі күні су үнемдеу технологиялары 76,8 мың гектар алқапқа жеткізілді. Оның 52,9 мың гектарына тамшылатып суару, 20,0 мың гектарына жаңбырлатып суару және 3,9 мың гектарына лазерлік жоспарлаушы технологиялары енгізілді.Айта кету керек, өткен жылы 44,6 мың гектарға тамшылатып суару, 19,3 мың гектарға жаңбырлатып суару, 2,6 мың гектарға лазерлік жоспарлаушы технологиялар енгізіліп, су үнемдеу технологиялары енгізілген алқап 66,5 мың гектарды құраған болатын. -

9,9 МЫҢ ГЕКТАРҒА ҚАНТ ҚЫЗЫЛШАСЫ ЕГІЛДІ
2026 жылы қант қызылшасының егіс көлемі 3,3 мың гектарға ұлғайып, жалпы 9,9 мың гектарға жетті. Биыл алқаптардан 450 мың тонна өнім жинау жоспарлануда.Жиналған қант қызылшасы облыстағы екі негізгі кәсіпорында өңделеді.Тараз қант зауыты 25 жылдан кейін қайта жаңғыртылып, биылғы маусымнан бастап өндірістік жұмысын қайта бастайды. Кәсіпорынның жылдық өңдеу қуаты 200 мың тонна қант қызылшасын құрайды.Ал Меркі қант зауыты жылына 250 мың тонна өнім өңдеуге қауқарлы және тұрақты режимде жұмыс істейді.Осылайша, екі кәсіпорынның жалпы өңдеу қуаты жылына 450 мың тоннаға жетіп, облыста өндірілген қант қызылшасын толық көлемде өңдеуге мүмкіндік береді. -

29,0 МЫҢ ГЕКТАР АЛҚАПТАН КӨКӨНІС ЖИНАЛУДА
Биылғы жылы облыста жалпы 29,0 мың гектарға көкөніс дақылдары егілсе, 14,9 мың гектарға пияз, 1,8 мың гектарға сәбіз, 1,2 мың гектарға қырыққабат, 3,5 мың гектарға қызанақ, 2,8 мың гектарға қияр және 4,6 мың гектарға басқа да көкөніс дақылдары егілді.Бүгінгі күні 22,7 мың гектар алқап жиналып, 731,1 мың тонна өнім алынды. Оның ішінде 386,1 мың тонна пияз, 31,3 мың тонна қырыққабат, 24,0 мың тонна сәбіз, 100,5 мың тонна қызанақ, 76,7 мың тонна қияр, 112,3 мың тонна басқа да көкөніс дақылдары бар.Қазіргі уақытта пияз, қырыққабат, сәбіз дақылдарын жинау жұмыстары жүріп жатыр.Сонымен қатар, облыста биыл 9,0 мың гектарға бақша дақылдары егіліп, оның 8,3 мың гектарынан 249,6 мың тонна қарбыз, 627 гектарынан 14,7 мың тонна қауын дақылдары жиналды. -

3,3 МЛН. ТОННА МАЛ АЗЫҒЫ ДАЙЫНДАЛАДЫ
Аймақта шөп ору науқаны қызу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта 301,5 мың гектар шөп орылса, оның ішінде 169,5 мың гектар көпжылдық, 5,0 мың гектар біржылдық шөп, 125,8 мың гектар табиғи шабындық және 1,1 мың гектар сүрлемдік жүгері орылды.Бүгінгі күні 2,2 млн. тонна пішен, 131,7 мың тонна пішендеме, 471,0 мың тонна сабан, 82,6 мың тонна сүрлем және 298,0 мың тонна жем дайындалып, бұл бағыттағы жұмыстар жоспарға сәйкес жалғасуда.Айта кету керек, биылғы жылы 2,2 млн. тонна пішен, 141,2 мың тонна пішендеме, 484,0 мың тонна сабан, 117,0 мың тонна сүрлем және 364,0 мың тонна қоспа жем дайындау жоспарланған. Одан бөлек, 2025 жылдан қалған қолда 99,8 мың тонна мал азығы бар.Жалпы жоспарға сәйкес 3,3 млн. тонна мал азығы толығымен дайындалатын болады. -

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІ БІРҚАТАР НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Бүгін ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл облысына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар нысандарды аралады.Алдымен министр Тараз қаласындағы «Тараз қант зауыты» ЖШС-нің жұмысымен танысты.Қант зауыты 25 жылдан кейін қайта жаңғыртылуда. Бүгінгі күні жабдықтар мен металл құрылымдарын бөлшектеу толығымен аяқталып, негізгі өндірістік нысандардың іргетасы қаланып, құрылыс-монтаж жұмыстары 90 пайызға аяқталып отыр. Зауытқа негізгі технологиялық жабдықтар мен арнайы техникалар толық жеткізілген.
Зауыт биылғы жылы 250 мың тонна қант қызылшасын өңдейтін болады. Осыған байланысты қант қызылшасының қалдықтарын орналастыру үшін Жамбыл ауданынан арнайы жер телімі бөлінген.Одан кейін Айдарбек Сапаров «TRZ AGRO» ЖШС-нің көкөніс қоймасының жұмысымен және ет комбинатының құрылысымен танысты.
Жақында пайдалануға берілген жаңа көкөніс сақтау қоймасының сыйымдылығы 12 мың тоннаны құраса, жобаның құны 1,8 млрд.теңгені құрайды. Қойма заманауи технологиялармен жабдықталған. Мұндағы қондырғылар Нидерланд, Италия және Ресей Федерациясынан жеткізілген. Қойманың ерекшелігі мұнда көкөніс өнімдерінің сапасын ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін голландиялық технология негізіндегі еден асты желдету жүйесі қолданылады. Қазіргі уақытта қоймаға 10 тоннаға жуық картоп дақылы сақтауға қойылған.
Сондай-ақ, министр серіктестіктің заманауи етті терең өңдеу кешенінің құрылыс жұмыстарын аралап көрді. Бүгінгі күні нысан құрылысының шамамен 80 пайызы аяқталған. Жоба іске қосылғанда шикізат толық кәдеге жаратылып, өндіріс қалдықсыз технология қағидатымен жүзеге асырылады. Кешен құрамында мал сою және бөлшектеу алаңы, шұжық өндіру, консервілеу цехтары, сондай-ақ қайта өңделген өнім негізінде үй жануарлары мен балықтарға арналған жем шығаратын цех жұмыс істейтін болады. -

МИНИСТР ШАРУАЛАРМЕН КЕЗДЕСТІ
ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Жамбыл облысына жұмыс сапары аясында Байзақ ауданындағы «КЭМА Агро» шаруа қожалығының қант қызылшасы алқабын аралап көріп, қант қызылшасын еккен дихандармен кездесті.2016 жылдан бері жұмыс жасап келе жатқан шаруашылық биыл 80 гектарға қант қызылшасын еккен. Егістік алқап толық тамшылатып суару технологиясымен қамтылған. Агроқұрылым ағымдағы жылы қызылшаның әр гектарынан 100 тонна өнім алуды көздеп отыр.
— Біз республика бойынша егін шаруашылығын аралап жүрміз. Үлкен іс атқарыпсыздар. Биыл үшінші жыл қатарынан Жамбыл облысы жақсы нәтиже көрсетуде. Айтқан мәселелеріңізді рет ретімен шеше жатырмыз. Алда әлі де жақсы бағдарламалар қолға алынбақ. Нәтижені сіздерден күтеміз, шаруалардың еңбегінің арқасында ісіміз өнімді болуда, — деді ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сейпілұлы.Министрдің шаруалармен тікелей кездесіп, субсидиялау және мемлекеттік қолдау мәселелерін талқылауы дихандарға үлкен жігер берді. Жамбыл облысы алдағы уақытта да заманауи технологияларды енгізуде және елімізді сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуде алдыңғы шептен көріне береді. -

Үндістан Ресей мұнайынан бас тартпай отыр: АҚШ жаңа баж салығын енгізбек
АҚШ Өкілдер палатасы Үндістан мен Қытайдың Ресей мұнайын сатып алуына кедергі келтіретін жаңа шараны қарастырған құжат жобасын мақұлдады.
Егер заң күшіне енсе, импорттық баж салығы 100%-ға дейін жетуі мүмкін.
Нью-Дели бұл шаралардың АҚШ пен Үндістан арасындағы қарым-қатынасқа әсер етуі мүмкін екенін мәлімдеді. Дегенмен Үндістан энергетикалық қауіпсіздігін сақтау үшін мұнайды әртүрлі елдерден импорттауды жалғастыратынын айтты.
Үндістандық мұнай өңдеу компаниялары жаңа шектеулерге алаңдап отыр. Олардың пікірінше, мұндай шаралар мұнай бағасының айтарлықтай өсуіне әкелуі мүмкін.
Сонымен қатар жаңа баж салығы АҚШ пен Үндістан арасындағы бірнеше айдан бері жалғасып келе жатқан сауда келіссөздеріне де әсер етуі ықтимал.
https://zhasalash.kz/ -

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі аппаратының ережесі мен құрылымын бекітті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі аппаратының ережесі мен құрылымын бекітті, деп хабарлайды Politico.kz.
Құжат аппараттың мәртебесін, міндеттерін, өкілеттіктерін және жұмыс тәртібін айқындайды.Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты туралы ереже
Осы Ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының мәртебесін, міндеттері мен функцияларын, өкілеттіктерін, жұмысын ұйымдастыруды айқындайды.1-тарау. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты (бұдан әрі – Аппарат) – Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган.
2. Аппарат және оның қызметкерлері өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, осы Ережені, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
3. Аппарат – мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға, оның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазақ тілінде өз атауы жазылған мөрі мен мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ банктерде шоттары, оның ішінде валюталық шоттары болады.
4. Аппарат азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. Егер Аппаратқа Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес уәкілеттік берілсе, оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. Аппарат өз құзыретінің мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Аппарат басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7. Аппараттың құрылымы мен штат санын Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.
8. Аппараттың толық атауы: «Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты» мемлекеттік мекемесі».
9. Аппараттың заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8.
10. Осы Ереже – Аппараттың құрылтай құжаты.
11. Аппараттың өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан Аппаратқа кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
12. Аппараттың қызметін қаржылық, материалдық-техникалық жағынан және өзге де қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
2-тарау. Аппараттың міндеттері, функциялары мен өкілеттіктері
13. Аппараттың қызметі ұлттық қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерді бақылауды күшейтуге және жетілдіруге, мемлекеттік басқарудың орнықтылығын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасы Президентінің (Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының), Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің (бұдан әрі ‒ Қауіпсіздік Кеңесі) шешімдерін институционалдық қамтамасыз етуге және орындауға бағытталған.
14. Аппаратың міндеттері:
1) Қауіпсіздік Кеңесінің, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы орынбасарының қызметін қамтамасыз ету;
2) жүйелік сын-қатерлер мен қатерлерді анықтау, бағалау, болжау, олардың алдын алу және жою жөніндегі іс-қимылдардың үйлесімділігі мәселелері бойынша ведомствоаралық үйлестіруді қамтамасыз ету;
3) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының өкілеттігін:
қорғаныс қабілеті мен ұлттық қауіпсіздік саласында;
заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл саласында;
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қорғау саласында;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қазақстан Республикасы Президентінің (Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының) және Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы орынбасарының шешімдеріне сәйкес өзге де міндеттер.
15. Міндеттеріне сәйкес Аппаратқа мынадай функциялар жүктеледі:
1) Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету саласында:
Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс жоспарларын дайындау;
Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестеріне материалдарды, Қауіпсіздік Кеңесі, Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестері шешімдерінің, оларды іске асыру жөніндегі актілердің жобаларын дайындау;
Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің, Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестері шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз ету, олардың нақты нәтижелерін және ықтимал салдарларын бағалау;
Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссияларының қызметін үйлестіру;
қызметі Аппараттың жұмысына тікелей қатысты консультативтік-кеңесші органдарды құру, олардың міндеттері және лауазымдық құрамы жөнінде ұсыныстар енгізу;
Қауіпсіздік Кеңесінің шешімдерін, Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестерінің шешімдерін тіркеу, олардың жіберілуін және сақталуын қамтамасыз ету;
2) ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйін мониторингтеу және қауіп-қатерлерді бағалау саласында:
елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетінің жай-күйін, заңдылық пен құқықтық тәртіптің сақталуын, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимылды, сондай-ақ азаматтық қорғауды секторлық мониторингтеуді ұйымдастыру;ұлттық қауіпсіздіктің жай-күйі туралы ақпаратты интеграциялау, ведомстволық бағалауларды салыстыру, қауіп-қатерлерді анықтау мен бағалау үшін деректерді жедел талдамалық тұрғыда өңдеу;
барлау қоғамдастығының жұмысындағы мемлекеттік органдардың іс-қимылдарының үйлесімділігін қамтамасыз ету;
3) ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді талдау мен болжау саласында:
ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерге қатысты бағалау деректерін әзірлеу және қолдану, қауіп-қатерлер мен қатерлерді бейтараптандыру бойынша тиімді шаралардың жоспарларын, сценарийлерін модельдеу;ұлттық қауіпсіздікке төнетін ішкі және сыртқы қатерлердің барлық аспектілері мен мәнін анықтау мақсатында цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні қолдануды қамтамасыз ету;
елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласындағы ғылыми ұйымдар мен талдамалық құрылымдардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ қауіпсіздік, қорғаныс қабілеті, заңдылық пен құқықтық тәртіп, сыбайлас жемқорлық, экономикалық қылмыстылық, азаматтық қорғау мәселелері бойынша нысаналы іс-шаралар өткізу;
4) ұлттық қауіпсіздіктің мынадай сипаттағы мәселелеріне назар аудара отырып, ұзақ мерзімді жоспарлау саласында:
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі стратегиясын әзірлеу мен іске асыру процесін үйлестіру;
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына:
Қазақстан Республикасының Егемендігі мен Тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, конституциялық құрылысының негіздерін қорғау;ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс қабілеті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік саясат бойынша ұсыныстар дайындау;
ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, ақпараттық қауіпсіздікті қорғау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғау мәселелері бойынша заңдардың, стратегиялық жоспарлау құжаттарының жобаларын, сондай-ақ басқа да маңызды қоғамдық-саяси бастамаларды әзірлеу сатысында талдау, осы мәселелер бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына ұсынымдар беру;
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, қорғаныс қабілеті, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғауды нығайту саласындағы заңдарының толық орындалуын бақылауды ұйымдастыру, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына анықталған жұмыс кемшіліктерін, сондай-ақ олардың туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі шаралар туралы ұсыныстар енгізу;
5) ақпараттық қауіпсіздік саласында:
ел азаматтарын және бүкіл халықты ұлттық қауіпсіздікке кейіннен қатері болатын деструктивті ақпараттық әсер етуден қорғауды қамтамасыз ету үшін цифрлық құралдар мен жасанды интеллектіні, өзге де жаңа жоғары технологияларды, алгоритмдік, кванттық әдіснамаларды қолдана отырып, халықаралық және ішкі ақпараттық ортаны спектрлік және кешенді талдау;
ұлттық қауіпсіздікке төнетін ахуалдық, жүйелік және стратегиялық қатерлерді анықтау, олардың алдын алу, жою мақсатында ақпараттық қауіпсіздіктің жай-күйін жиынтық мониторингтеуді жүзеге асыру;
ақпараттық қатерлердің сипатын, ауқымын, серпінін және олардың ықтимал жағымсыз салдарларын бағалаудың кешенді ведомствоаралық әдіснамасын әзірлеу;
ұлттық қауіпсіздікке төнетін сын-қатерлерге, қатерлерге жедел әрі тиімді ден қоюға қатысты ақпараттық-талдамалық және болжамдық материалдар, ұсыныстар, ұсынымдар дайындау;
мемлекеттік органдар шараларының тиімділігін объективті бағалау, ұлттық қауіпсіздікке қатысты барлық жағымсыз үрдістерді кәсіби тұрғыдан талдау;
ақпараттық қауіпсіздік жүйесін жетілдіру және бірыңғай әрі мүлтіксіз тетік ретінде ведомствоаралық ден қоюдың нақты алгоритмін дайындау жөнінде сындарлы ұсыныстар енгізу;
6) инновациялар және ғылыми-технологиялық қауіпсіздік саласында:
деректерді талдау, ұлттық қауіпсіздікке төнетін қатерлерді бағалау, болжау және модельдеу үшін, сондай-ақ оларды анықтау, алдын алу, бейтараптандыру жөніндегі шараларды әзірлеу үшін жасанды интеллектінің тиімді қолданылуын үйлестіру және бақылау;
ұлттық қауіпсіздікке төнетін түрлі сипаттағы бар және болуы мүмкін қатерлері тұрғысынан жасанды интеллектіні, басқа да жоғары технологиялық құралдарды қолданудың барлық аспектілерін кешенді талдауды дайындау;
ғылыми-технологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін нығайтудың, озық ғылыми-зерттеу инфрақұрылымын дамытудың, кадрлар даярлаудың ғылыми негізделген тәсілдерін әзірлеу және ендіру бойынша ұсыныстар әзірлеп, енгізу;
7) әскери қауіпсіздік пен қорғаныс саласында:
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына әскери қауіпсіздік пен қорғанысты қамтамасыз ету, мемлекеттің жұмылдыру дайындығы, Қазақстан Республикасының Егемендігін, Тәуелсіздігін, аумақтық тұтастығын, Қазақстан Республикасының шекарасын қарумен қорғау, әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін күштер мен құралдарды үйлестіру саласындағы елдің мемлекеттік саясатының негізгі бағыттары бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің (бұдан әрі – Қарулы Күштер), басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қызметін жетілдіру, мемлекеттің әскери қауіпсіздігіне қатер төндіретін дағдарыстық ахуалдардың алдын алу және оларды жедел тоқтату жөнінде ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасында жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын үйлестіру және бақылау;
азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақырудың жүргізілуін, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың жасақталуын қамтамасыз етуді, қорғаныс-өнеркәсіп кешені мен мемлекеттік авиацияның жұмыс істеуі мен дамуын, мемлекеттік қорғаныс тапсырысының іске асырылуын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бақылауды жүзеге асыру;
озық әскери технологиялардың дамуын, қарулы қақтығыстарға қатысу әдістерінің өзгерістерін және олардың эволюциясын кәсіби тұрғыдан мониторингтеуді ұйымдастыру;
8) заңдылықты сақтау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл саласында:
Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру процесінде қабылданатын шаралардың тиімділігін бағалау, Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасына, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына осы бағыттағы қызметті жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;
мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру және мемлекеттік саясаттың жүзеге асырылуын, Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын, бағдарламалық құжаттардың, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының осы саладағы актілері мен тапсырмаларының іске асырылуын бақылау;
ішкі саяси тұрақтылыққа нұқсан келтіретін қауіп-қатерлерді жоюды негізгі мақсат етіп, жасанды интеллектіні және «ауқымды деректерді» пайдалана отырып, қоғамдық қауіпсіздік саласындағы қатерлерді болжау және анықтау;
Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымдасқан қылмыстық қоғамдастықтардың қылмыстық әрекеттерін ашуға баса назар аудара отырып, криминогендік ахуалды болжау;
электрондық төлемдерді, криптоактивтерді, цифрлық платформаларды және өзге де технологиялық шешімдерді қоса алғанда, ұйымдасқан қылмыстылықтың трансформациясын, оның трансұлттыққа айналуын, цифрлық құралдарды пайдалануды, қылмыстарды, басқа да елеулі құқық бұзушылықтарды жасаудың қашықтан жүргізілетін тәсілдерін пайдалануды мониторингтеу және талдау;
Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының құқық қорғау органдарындағы және олардың ведомстволық бағынысты ұйымдарындағы кадр саясаты, сондай-ақ ведомстволық білім беруді дамыту мәселелері жөніндегі қызметін қамтамасыз ету;
9) сыртқы қауіпсіздік саласында:
халықаралық қауіпсіздікті, оның жай-күйіне ықпал ететін геосаяси және геоэкономикалық факторларды спектрлік талдау, өңірлік және халықаралық қауіпсіздікке сын-қатерлер мен қатерлерді анықтау, Қазақстан Республикасының әлемдік аренадағы ұлттық мүдделерін қорғау мен ілгерілету жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Қауіпсіздік Кеңесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық, шетелдік, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау, қауіпсіздікті, қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғау саласында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізу;
Қазақстан Республикасының Президенті, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары қатысатын халықаралық іс-шараларға осы Ережеде айқындалған өкілеттіктер шеңберінде материалдар дайындауға қатысу;
10) ұлттық қауіпсіздіктің өзге де түрлері мен бағыттары саласында:
Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының, Қауіпсіздік Кеңесінің Аппараты басшылығының өкілеттіктерін және Қауіпсіздік Кеңесінің қызметін экономикалық қауіпсіздік (қаржылық, азық-түлік, энергетикалық, көліктік қауіпсіздікті қоса алғанда), ақпараттық қауіпсіздік (оның ішінде мемлекет қайраткерлерінің, мемлекеттік институттар мен ведомстволардың беделін түсіру мақсатында жалған ақпаратты («фейкті») заңсыз тарату үшін жасанды интеллектінің заманауи технологияларын қолдануға қатысты), қоғамдық-саяси тұрақтылық (оның ішінде халықтың көші-қоны, қоғамдық денсаулық, биологиялық, рухани және мәдени қауіпсіздік салаларында), экологиялық, су қауіпсіздігі, азаматтық қорғау саласында іске асыруды қамтамасыз ету;
Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдардың, сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін, құқықтық тәртіпті, заңдылықты сақтауды, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимылды, азаматтық қорғауды қамтамасыз етуге қатысатын өзге де мемлекеттік органдардың қызметін мониторингтеу, үйлестіру және инспекциялау;
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарындағы кадр саясаты мәселелері жөніндегі комиссияның қызметін қамтамасыз ету;
ұлттық қауіпсіздік органдарының президенттік кадр резервін қалыптастыру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру және үйлестіру;
мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы, ұлттық қауіпсіздік органдары, Мемлекеттік күзет қызметі, ішкі істер органдары, Қарулы Күштер, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, қаржылық мониторинг, азаматтық қорғау органдары және өзге де мемлекеттік органдары лауазымды адамдарының кандидатуралары жөніндегі ұсыныстарын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қарау;
Қазақстан Республикасы Президентінің жоғары әскери және өзге де атақтарды, сыныптық шендерді беру және олардан айыру жөніндегі өкілеттіктерін іске асыруды қамтамасыз ету;
Қауіпсіздік Кеңесі мен Аппараттың қызметін ақпараттық сүйемелдеуді ұйымдастыру;
Аппараттың жұмылдыру жоспарын әзірлеу;
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген және Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары айқындайтын өзге де функциялар.
16. Осы Ережеде көзделген функцияларды іске асыру үшін Аппарат:
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, квазимемлекеттік сектор субъектілерінен және лауазымды адамдардан осы Ережеде айқындалған өкілеттіктер шеңберінде қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды сұратуға және алуға құқылы.
Аппараттың қажетті ақпаратты, құжаттар мен өзге де материалдарды беру жөнінде мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар үшін міндетті болатын ағымдағы тапсырмалары мен сұрау салуларына, егер Аппарат өзге мерзім белгілемесе, оларды алған күннен бастап екі апта мерзімде жауап беріледі;
2) мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдардың қызметін үйлестіруге, Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің, Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестері шешімдерінің, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының актілері мен тапсырмаларының орындалуын анықталған және расталған бұзушылықтарды жоюды талап ету құқығымен бақылауға;
3) мемлекеттік органдардың билігіндегі ақпараттық деректер қоры мен жүйелерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен пайдалануға;
4) осы Ережеде өзіне берілген өкілеттіктер шеңберінде Аппарат жүргізетін тексерулердің нәтижелері туралы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына баяндауға құқылы.
Осы тармақтың 1) – 3) тармақшаларында көзделген өкілеттіктерге Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен не Аппарат басшылығымен келісу бойынша Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары ие болады.
3-тарау. Аппараттың қызметін ұйымдастыру, оның лауазымды адамдары мен қызметкерлерінің өкілеттіктері
17. Аппаратты оның басшысы басқарады, ол Аппаратқа жүктелген міндеттердің орындалуына және өз өкілеттіктерінің жүзеге асырылуына дербес жауапты болады.
Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасары болмаған кезеңде Аппарат басшысы оның құжаттамалық қамтамасыз ету бөлігіндегі функцияларын орындайды.
18. Аппарат басшысының орынбасарлары, оның ішінде бірінші орынбасары болады.
19. Аппарат басшысын, оның орынбасарларын, сондай-ақ Аппараттың құрылымдық бөлімшелерінің басшыларын Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.
20. Аппарат басшысының өкілеттіктері:
1) Аппаратты басқарады және Аппараттың жұмысына тікелей басшылық етеді;
2) Қауіпсіздік Кеңесінің жұмыс жоспарларының, Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің, Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестері шешімдерінің жобаларын Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасымен одан әрі келісу үшін Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына ұсынады;
3) Қауіпсіздік Кеңесі шешімдерінің, Қауіпсіздік Кеңесінің жедел кеңестері шешімдерінің орындалуын, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының ұлттық қауіпсіздікті және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздікті қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғауды нығайту, жұмылдыру мен жұмылдыру дайындығын жүргізу мәселелері жөніндегі актілері мен тапсырмаларының орындалуы мен сақталуын бақылайды;
4) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының ұлттық қауіпсіздікті және елдің қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғауды нығайту, жұмылдыру және жұмылдыру дайындығы мәселелері жөніндегі қызметін ақпараттық және талдамалық жағынан қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынастарда Аппараттың атынан өкілдік етеді;
6) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Аппараттың қызметкерлерін және Аппараттың қызметіне тартылған өзге де адамдарды Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттау туралы ұсынулар енгізеді;
7) жұмыс топтарын және инспекциялық топтарды құрады, Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарына Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссияларын, Қауіпсіздік Кеңесінің жанынан сараптамалық кеңес құру, олардың міндеттері, функциялары, лауазымдық, дербес құрамы жөнінде ұсыныстар енгізеді;
8) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысатын мемлекеттік органдардың қызметін, оның ішінде мемлекеттік органдар мен ұйымдар мамандарының қатысуымен инспекциялауды ұйымдастырады;
9) ұлттық қауіпсіздікті және қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздікті қорғау, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа, экономикалық қылмыстылыққа қарсы іс-қимыл, азаматтық қорғауды нығайту, жұмылдыру мен жұмылдыру дайындығы мәселелерін қарау кезінде Құрылтай, Үкімет отырыстарына, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың алқа отырыстарына қатысуға құқылы;
10) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының келісімімен және тапсырмасы бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша халықаралық, шетелдік, үкіметтік және үкіметтік емес ұйымдармен байланыс жасайды;
11) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен келісу бойынша ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған іс-шаралар өткізеді;
12) Аппараттың құқықтық актілеріне қол қояды, қарамағындағы қызметкерлерге тапсырмалар береді, Аппараттың құзыретіне жатқызылған функцияларды жүзеге асыру бойынша өзге де ұйымдық-өкімдік шараларды қабылдайды;
13) Аппараттың құрылымдық бөлімшелері туралы ережені бекітеді;
14) Аппараттың штат кестесін бекітеді, оған Қазақстан Республикасының Президенті бекіткен штат саны шегінде өзгерістер енгізеді;
15) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Аппараттың құрылымдық бөлімшелері басшыларының орынбасарларын және өзге де қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
16) Аппаратта Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы ережелерінің орындалуын бақылайды;
17) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Аппарат қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданады, оларды көтермелеу мәселелерін, өзінің құзыретіне жатқызылған еңбек қатынастары мәселелерін шешеді;
18) Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен келісу бойынша Аппарат қызметкерлерін іссапарларға, оның ішінде шетелдік іссапарларға жібереді;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
21. Аппарат басшысы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.
22. Аппарат басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.
23. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының шешімі бойынша Аппаратта бірқатар лауазымдар заңнамада белгіленген тәртіппен басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлерін іссапарға жіберу арқылы алмастырылуы мүмкін.
24. Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасы орынбасарының тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметкерлері белгіленген тәртіппен Аппаратқа:
қысқа мерзімді негізде – Қауіпсіздік Кеңесінің отырыстары мен жедел кеңестерін дайындауға, Қауіпсіздік Кеңесінің ведомствоаралық комиссияларының, Сараптамалық кеңестің, инспекциялық топтардың және жұмыс топтарының, сондай-ақ қызметін Аппарат қамтамасыз ететін және үйлестіретін өзге де консультативтік-кеңесші органдардың қызметіне;
ұзақ мерзімді негізде – Аппараттың ақпараттық-талдамалық функцияларын іске асыру мақсатында оның қызметіне тартылуы мүмкін.
25. Аппаратқа жүктелген міндеттер мен функцияларды іске асыру үшін оның қызметкерлері Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының орынбасарымен келісу бойынша және Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының келісімімен халықаралық ұйымдарға іссапарға жіберілуі мүмкін.
26. Аппараттың қызметкерлері өздерінің мәртебесі, қызметтік жұмысының жағдайлары мен кепілдіктері бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің қызметкерлеріне теңестірілген.
4-тарау. Аппараттың мүлкі
27. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Аппараттың жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
28. Аппаратқа бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Аппарат өзіне бекітіп берілген мүлікті және өзіне қаржыландыру жоспары бойынша бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік етуге құқылы емес.
5-тарау. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату
29. Аппаратты қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының құрылымы
— Қауіпсіздік Кеңесі Аппаратының Басшысы
— Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының бірінші орынбасары
— Қауіпсіздік Кеңесі Аппараты Басшысының орынбасарлары
— Талдау бөлімі
— Ақпараттық қауіпсіздік бөлімі
— Қауіпсіздіктің өзекті мәселелері бөлімі
— Әскери қауіпсіздік және қорғаныс бөлімі
— Құқық қорғау жүйесі бөлімі
— Ахуалдық орталық
— ХатшылықДереккөз: kazinform.kz
Дереккөз: https://politico.kz/kz/article/toqaev-qauipsizdik-kenesi-apparatynyn-erezhesi-men-qurylymyn-bekitti?fbclid=IwY2xjawUaBhBwZG9mBWV4dG4DYWVtAjExAHNydGMGYXBwX2lkEDIyMjAzOTE3ODgyMDA4OTIAAR7tp3YNKiDqRQEcOiq7P_c0GlFGoDQrHqpshZXvlpBGswNfoZ-imCh4pnCnjg_aem_NMHO7ZlIdCbKhcCoI8X1IA
-

Көкпекті ауданындағы орталық аурухана күрделі жөндеуден өтіп жатыр
Облыс әкімі Берік Уәли Көкпекті аудандық ауруханасы ғимаратындағы ішкі күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аурухана ғимараты 2010 жылы салынған. Қазіргі таңда медициналық мекемеде 243 адам еңбек етеді. Аурухананың стационары хирургия, инфекциялық, перзентхана және терапия сияқты төрт бөлімшеден тұрады. Тәулік бойғы стационарда 40 төсек, ал стационар жанындағы күндізгі бөлімде 10 төсек бар.
default
Қазіргі уақытта ғимаратта ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіліп, едендер, терезелер мен есік блоктары күрделі жөндеуден өтуде. Сонымен қатар ас блогы, кір жуатын орын, дезинфекциялау бөлімшесі, галерея және балалар бөлмесінде ішкі әрлеу жұмыстары жүргізіледі. Жөндеу жұмыстарын 2027 жылдың желтоқсан айында аяқтау жоспарланған.Бір жыл бұрын ауруханада күрделі жөндеу жүргізіліп, жедел жәрдем блогының кіреберісі қайта жаңғыртылды. Сонымен қатар, аурухана ғимаратының қасбеті жаңартылды. Алайда кіре берістегі кафельдер түсе бастаған.
Аймақ басшысы аурухананың бас дәрігеріне ескерту жасап, орын алған олқылықтарды қысқа мерзімде жоюды, мердігерлерге ауруханада жүргізіліп жатқан жұмыстарды сапалы әрі белгіленген мерзімде аяқтауды тапсырды.«Аурухана – тазалық пен тәртіптің айнасы. Мұнда тазалыққа қойылатын талап та жоғары болуы тиіс. Бас дәрігер тапсырыс беруші болған соң қадағалап, мердігерден талап етуі керек қой. Бюджет қаражатын тиімді игеруіміз қажет. Бұл нысанға осымен үшінші рет келіп тұрмын. Келген сайын алдымнан кемшіліктер шығады. Денсаулық сақтау басқармасына бас дәрігердің жауапкершілігін қарап, ұсыныс беруді тапсырамын. Кепілдік негізінде олқылықтардың бәрін қалпына келтіріп, құрылыс жұмыстарын қатаң бақылауда ұстау керек», – деді Берік Уәли.«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында ауданның Биғаш, Шәріптоғай, Мамай, Үлгілімалшы, Үшкөмей және Қарамойыл ауылдарында медициналық нысан салынды. Нәтижесінде 1550 ауыл тұрғыны медициналық көмекпен қамтылды.АБАЙ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ -

ҰЛТТЫҚ МҰРА – ҰРПАҚ АМАНАТЫ
Дүниежүзілік сенбілік күніне орай «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жаңатас қаласындағы «Ұрпақтар аллеясында» «Ұлттық мұра – ұрпақ аманаты» атты тазалық шарасы ұйымд
астырылды.
Іс-шараға аудан әкімі Сәкен Мамытов, аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен этнос өкілдері белсенді қатысты.
Сенбілік барысында «Ұрпақтар аллеясында» тазалық және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, аумақты көркейтуге ерекше көңілбөлінді.– Тазалық – ортақ жауапкершілік. «Ұрпақтар аллеясы» – аға буынның еңбегін ұлықтап, кейінгі ұрпаққа өнеге көрсететін орын. Осындай тағылымды жерде тазалық жұмыстарын жүргізу – туған жерге деген құрметтің белгісі, – деді аудан әкімі.
Таза орта – ұрпаққа аманат!