Алматы облысында білім саласындағы ұрлықтың тағы бір схемасы анықталды.
Бұл туралы прокуратура хабарлады.
Талғар ауданындағы мектептен есепші 90 миллион теңге ұрлаған. Ол мектепте жоқ қызметкерлер мен туыстарына жалақы ретінде ақша аударып отырған.
«Осы факті бойынша облыс прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы (Сеніп тапсырылған бөтеннің мүлкін иемдену немесе ысырап ету) бойынша қылмыстық іс қозғады. Материалдар Экономикалық тергеу департаментіне жіберілді» деп хабарлады ведомство.
Осындай жағдай Еңбекшіқазақ ауданындағы мектепте де орын алған. Ондағы шығын 10 миллион теңге болған.
kaz.orda.kz