Аудан жастары арасында спорттық жарыс өтті

588

Т.Рысқұлов ауданы, Құлан ауылында «Тоғызқұмалақ», «Асық ату» ойын түрлерін аудан жастары арасында спорттық жарыс өтті.

Жарыста 100-жуық астам мектеп оқушысы асық ату, тоғызқұмалақ ойындарынан бақ сынады.

Қазақтың ұлттық ойындарын жаңғыртуды мақсат еткен спорттық жарыс жыл сайын дәстүрлі түрде ұйысдастырылуда. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қатысушылар саны артып келеді. Биыл тек тоғызқұмалақ ойнауға 40 мектеп оқушысы тілек білдірген. Оның 25-і ер балалар болса, қалғаны — қыздар.

Дәстүрлі ойын түрлері оқушылар арасында танымал. Ұлттық ойындарға қазір сұраныс бар деп айтуға болады. Қазақтың ұлттық ойындарының ерекшелігі — жас талғамайды, жас та, кәрі де ойнай береді. Атап өтілгендей, соңғы кезде ауданда ұлттық спорт ойындарынан көптеген жарыстар өткізіліп келеді.

Жүлделі орындарға ие болған қатысушылар арнайы кубоктармен, дипломдармен, медальдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.