Асық атудан облыс біріншілігі өтті

531

№6 облыстық мамандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің алаңшасында асық атудан облыс біріншілігі өтті.  Жарысқа  Тараз қаласы мен аудандардан 60-қа жуық спортшы қатысып, өзара бақ сынады.

Жалпы, кейінгі жылдары өңірде ұлттық спорт түрлері айрықша дамып келе жатқаны жасырын емес. Бұл дода да тартысты кездесулерге толы өтті. Кіл мықтының ішінде шын мықтылығынын дәлелдеген байзақтықтар командалық есепте жеңімпаз атанса, Т.Рысқұлов ауданы екінші, ал Жамбыл ауданы үшінші орынға табан тіреді.

Қыздар арасында Т.Рысқұлов ауданы спортшыларының айы оңынан туса, Тараз қаласы екінші орынның биігінен көрініп, Жамбыл ауданы қола медальді қанағат тұтты.

Жарыс соңында барлық жеңімпаздар диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.