Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты

50

istockphoto

Астанада көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 18 қаңтар 2026, жаңалықтар Turkystan.kz
Астанада көпқабатты тұрғын үйдегі өрт кезінде 23 адам эвакуацияланды, деп хабарлады ТЖМ.

Сарыарқа ауданының Степан Кубрин көшесінде орналасқан он екі қабатты көппәтерлі тұрғын үйде өрт шықты.

Оқиға орнына жеткен ТЖМ бөлімшелері бірінші қабаттағы пәтерлердің бірінде жиһаздың жанғанын анықтады. Өрт сөндірушілер жедел түрде барлау жүргізіп, тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.

«Құтқарушылардың күшімен баспалдақ арқылы 23 адам, оның ішінде 9 бала эвакуацияланды», — деп жазылған хабарламада.

Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт 25 шаршы метр алаңда сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/274705-astanada-kopqabatty-turgyn-uiden-ort-syqty

Leave A Reply

Your email address will not be published.