«Әрбір жағдай – бұл статистика емес, баланың тағдыры»

54

Жамбыл облысында білім беру саласында 25 млрд теңгеге 26 нысанның құрылысы жүргізілуде. Бүгінге дейін 7 жаңа мектеп пайдалануға берілді, соның ішінде төртеуі – «Келешек мектептері» жобасының талаптарына сай. Жыл соңына дейін тағы 7 нысанды аяқтау жоспарланып отыр.

Өңір басшысы Ербол Қарашөкеев бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте баяндады.

Аталған құрылыс жұмыстары 1 апаттық мектептің, 1 үш ауысымды мектептің мәселесін шешуге, сондай-ақ 6 мектептегі орын тапшылығын жоюға және 6 ескі ғимараттың орнын алмастыруға мүмкіндік береді.

Қосымша 16 білім беру нысанына 11 млрд теңгеге күрделі жөндеу жасалды.

Өңір оқушылары биыл да жоғары нәтижелер көрсетуде: – республикалық ғылыми жобалар конкурсында 16 жыл қатарынан «Үздік команда», – республикалы

Жыл соңына дейін облыста алғаш рет дарындыларға арналған арнайы әскери мектеп-интернат ашылады.

Бұдан бөлек, Тараз қаласында 120 орындық студенттік жатақхана жеке инвестиция есебінен бой көтерді. «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында 4 колледжге 46 млн теңгеге заманауи жабдық сатып алынды.

Қазақстанда салынып жатқан АЭС үшін кадр дайындау мақсатында Ленинград облысындағы Сосновобор политехникалық колледжі мен Жамбыл политехникалық колледжі арасында ынтымақтастық туралы келісім жасалды.

– Балаларды қорғау мен олардың қауіпсіздігі – біздің басты міндетіміз. Әрбір оқиға – жай ғана статистика емес, бұл баланың тағдыры. Сондықтан құқықбұзушылықтың алдын алу үнемі жүргізілуі керек, бір рет қана немесе анда-санда жасалатын жұмыс болмауы тиіс. Осы мақсатта өңірде арнайы балалардың құқықтарын қорғау басқармасы құрылып жатыр. Бұл басқарма үйлестіру, бақылау және жедел әрекет ету жұмыстарын атқарады, – деді Ербол Қарашөкеев.

Өңірде денсаулық сақтау инфрақұрылымын жаңғырту жалғасуда. Құны 4,1 млрд теңге болатын 5 жаңа медициналық нысан салынуда, олардың 3-уі пайдалануға берілді. 11 медицина ұйымына 1,5 млрд теңгеге күрделі жөндеу жүргізілді.

Медициналық мекемелерге 6 млрд теңгеге 32 бірлік жоғары технологиялық жабдық, соның ішінде МРТ, КТ және ангиографиялық жүйелер сатып алынды. Соның нәтижесінде медициналық ұйымдардың жарақтандырылуы 92%-ға жетті.

Өңірде жасанды интеллект негізіндегі инновациялық жоба іске асырылды. 22 медицина ұйымын біріктіретін бірыңғай цифрлық платформа өкпе және сүт безі қатерлі ісігінің бастапқы белгілерін анықтауға мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде 2264 адам тексеруден өтті. Жоба ТМД елдерінде баламасы жоқ бірегей жүйе.

Дәрігерлерге жедел инсульт және ми қан айналымының өзге де жедел бұзылыстарын диагностикалауға көмектесетін «Серебро» жасанды интеллект жүйесін сатып алу көзделіп отыр.

3,1 млрд теңгеге 21 спорт нысанының құрылысы жүріп жатыр. Бүгінде 3 спорт кешені және 90 спорт алаңы пайдалануға берілді. Үшжақты меморандум аясында Тараз қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған жаңа футбол академиясы ашылады.

Мәдениет саласында 16 нысанның құрылысы жалғасуда. Биыл 7 мәдениет үйі, ауылдық кітапхана ғимараты және балалар мен жасөспірімдерге арналған орталық пайдалануға берілді.

Жамбыл облысының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.