Апатты мектептер мәселесі толығымен шешілді

61

Тараз қаласының әкімі Бақытжан Орынбеков Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында баспасөз конференциясын өткізуде. Баяндамасы барысында Бақытжан Әмірбекұлы облыс орталығында жаңа білім ошақтарын салу жайын тілге тиек етті.

– 2023 жылы «Ұлы дала» шағынауданында 1 200 орындық мектеп құрылысы аяқталып пайдалануға берілсе, №6 орта мектептің спорт залына жапсарлас ғимаратының құрылысы жүргізілді. 2024 жылы «Казарма» алқабындағы 180 орынды, «Арай» алқабындағы 600 орынды, «Бәйтерек» шағынауданындағы 1 200 орынды және «Ұлы дала» шағынауданындағы 1 200 орынды «Келешек мектептері» пайдалануға берілді.

Ал ағымдағы жылы «Ұлы дала» шағынауданындағы 2 000 орынды «Келешек мектебі» пайдалануға берілсе, «Шөлдала» тұрғын алқабындағы 600 орынды «Келешек мектебінің» құрылысы аяқталып, құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Нысан жыл соңына дейін пайдалануға беріледі.

Сонымен қатар №15, №7 мектеп-гимназияларына 300 орынды жапсарлас ғимараттарының құрылысы аяқталса, №27 орта мектепке 600 орынды жапсарлас ғимараттың құрылысы жүргізілуде, – деді Б.Орынбеков.

Бұдан бөлек, 2023-2024 жылдары 8 мектеп, 1 бөбекжай-бақша ғимараттары күрделі жөндеуден өтіпті. Ал 2025 жылы 4 мектепке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. Қазіргі уақытта тағы 1 мектепте жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысан 2026 жылы пайдалануға берілмек. Сондай-ақ 24 мектепте ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, оқушылардың сапалы білім алуына қолайлы жағдай жасалған. Нәтижесінде қала мектептеріндегі орын тапшылығы, апатты мектептер мәселелері жойылып, өз шешімін тауып отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.