Антикор «Антикор төрағасын» ұстады

179

Жуалы ауданының №4 мектебінің директоры Ж.Е. Пернешеваға «Антикор төрағасы» хабарласып, танысының мәселесін шешіп беруді сұраған, деп хабарлайды Orda.kz. 

Мектеп директорына Атырау облысының аумағында тұратын азамат хабарласып, өзін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің төрағасы ретінде таныстырған. Кейін жұмыс орнында мас күйінде болып қызметінен босаған қызметкерді жұмысқа қайта алуды сұраған.

Полиция атыраулық азаматқа қатысты жала жабу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырды. Сот процесі барысында «Антикор төрағасы» кінәсін толық мойындап, ісіне өкінді.

14 мамырда сот шешімімен ер адам айыппұл түрінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, Қарағандыда он жыл бойы мүгедек адамды қайыр сұрауға мәжбүрлеген топ сотталды.

https://kaz.orda.kz/antikor-antikor-toragasyn-ustady-132896/?fbclid=IwY2xjawKhNBxleHRuA2FlbQIxMQBicmlkETFtVWM5MmRWbjVBclExd0NyAR6oLwL6OQrKnYO3eOWUt1RtsMUivh5sfLc186G5NOeOXWLfjWXb07HIaVltpQ_aem_g-0WrrJYwk_p9Q4rdLN3tA

фото антикор

Leave A Reply

Your email address will not be published.