1 сәуірде «Баласағұн» ОКЗ-да К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясының Қазақстанның халық әртісі, мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Халық Қаһарманы, күйші, композитор Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына арналған «Ән мен күйдің әсемқоңыры — Нұрғиса» атты концерттік бағдарламасы өтеді.
Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығын атап өтудің негізгі мақсаты – оның ұлы мұрасын дәріптеу, қазақ музыка өнеріне қосқан зор үлесін ұрпақ жадында сақтау және кейінгі буынға насихаттау; Ұлттық мәдениетті дамыту; Жас ұрпаққа музыкалық мұраны таныту.
Нұрғиса Тілендиевтің шығармалары қазақ музыкасының алтын қазынасы. Оның күйлері, әндері, оркестрлік шығармалары халықтың рухын көтеретін асыл мұра.
Концертте өнер көрсететіндер: Қазақ оркестрінің дирижері әрі көркемдік жетекшіс Дулат Байзілдаев, «Тараз» триосы, «Кәусар» вокалдық ансамблі, «Ақкербез» би ансамблі, Бақыт Шағырбаев, Оңал Азаматова, Айгүл Мақашова Жанатбек Кәдіров, Мадина Сағынбекова, Әсел Уашева, Динара Диханбаева, Әлібек Молдыбаев, Азиз Кушаков, Гүлшат Тинасилова, Мадина Бердиярова, Әсем Абдуалиева, Ақтөре Орынбасарұлы, оркестрдің солистері: Аида Смағұлова, Фариза Мадияр, Назым Ахметова, Айман Шерметова, Дидар Басықараев, Рауан Жексенбі, Нұрберген Қырғызбаев, Анель Турлықбаева және Жамбыл ауданы, М.Төлебаев атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары.
Кеште композитордың «Ата толғауы», «Көш керуен», «Көңілді бикеш», «Бауырлаштарым», «Ақсақ құлан», «Баламишка», «Алтын дән», «Жеңіс салтанаты», «Махамбет» поэмасы күйлері, «Кел, еркем, Алатауыңа», «Аралдағы жеңеше», «Куә бол», «Келе жатыр құс қайтып…», «Жүрегім менің», «Саржайлау», «Әке туралы жыр», «Құстар әні», «Өз елім» әндері орындалады.
Сазды кешті тамашалаған қала тұрғындары мен қонақтары шақырылады.
Ұйымдастырушы: К. Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы
Байланыс телефондары: 8(726)2 34-28-61, 34-43-83