Жамбыл облысында «Мәдени мұраны бірге сақтайық» республикалық акциясы өтті.
Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасы мен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ЮНЕСКО-ның тізіміне енген бірегей тарихи нысан — «Ақыртас» сарай кешенінде ауқымды шара ұйымдастырылды.