ӘСКЕРГЕ ШАҚЫРУ МӘСЕЛЕСІ ҚАРАЛДЫ

Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша кеңес өтті.
Аудан аумағында 2026 жылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқанын ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша кеңес отырысы өткізілді.
Кеңес барысында әскерге шақыру жұмыстарын сапалы жүргізу, шақырылушыларды медициналық тексеруден өткізу, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ заңнама талаптарын сақтау мәселелері қаралды. Сонымен қатар, жауапты мекемелерге нақты тапсырмалар беріліп, жұмысты үйлестіру бағыттары айқындалды.
Жиын қорытындысы бойынша көктемгі шақыру науқанын жоғары деңгейде ұйымдастыру мақсатында тиісті шаралар қабылданатын болды.
Comments (0)
Add Comment