Жиынға қатысушылар көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, ұсыныс пікірлерін ортаға салды. Жалпы кездесудің мақсаты — мемлекеттік қолдау шаралары, субсидиялау түрлері, жеңілдетілген несиелер мен қаржылық институттар қызметі туралы нақты әрі толық ақпарат беру, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламаларға қатысу жолдарын түсіндіру, қолдау алу кезінде кездесетін кедергілер мен сұрақтарды талқылау, және де толыққанды түсіндіру болып табылады.