«Кітап – тілсіз мұғалім»

Еліміздің рухани өмірінде айрықша мәнге ие Ұлттық кітап күні. Бұл атаулы мереке Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бастамасымен бекітіліп, қоғамда кітап оқу мәдениетін қалыптастыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды қадамдардың бірі болып табылады.
Аталған мерекеге орай Қордай аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінде мазмұнды іс-шара өтті. Жиынның ашылуында аудандық «AMANAT» партиясы филиалының төрағасы Бейқұт Жамангозов сөз сөйлеп, Мемлекет басшысының руханиятты дамытуға бағытталған бастамаларына тоқталды. Сондай-ақ кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтап, олардың қоғамдағы рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара аясында аудан кітапханаларының қорындағы құнды әдебиеттерден арнайы көрме ұйымдастырылды. Көрмеге классикалық әдебиет, балалар әдебиеті, ғылыми еңбектер және заманауи авторлардың шығармалары қойылып, келушілерге кеңінен таныстырылды. Бұл өз кезегінде оқырман қауымның кітапқа деген қызығушылығын арттырып, білімге ұмтылысын күшейтуге ықпал етті.
Мерекелік шараның қорытынды бөлігінде ауданның көркемөнерпаздары өнер көрсетіп, күмбірлеген күйлер мен әсем әндер орындалды. Бұл кештің рухани мазмұнын толықтырып, қатысушыларға ерекше әсер сыйлады.
Comments (0)
Add Comment