Таразда 15 жастағы бала полициядан қашамын деп апатқа ұшырады: Бір жолаушы мерт болды

Тараз қаласында полициядан қашқан жасөспірім жол апатына ұшырап, соның салдарынан бір жолаушы көз жұмды. Оқиға патрульдік полиция қызметкерлері жол ережесін бұзған Audi автокөлігін тоқтатпақ болған кезде болған, деп хабарлайды Qaz365.kz Жамбыл облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көлік тізгініндегі жүргізуші полицияның тоқтау туралы талабына бағынбай, жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, қашуға тырысқан. Қуғын барысында жүргізуші рульге ие бола алмай, электр желісінің бетон бағанасына соғылған. Апат тоқтатылғаннан кейін көлікті басқарған адамның жүргізуші куәлігі жоқ 15 жасар жасөспірім екені анықталды.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмаған бала ата-анасымен бірге полиция бөліміне жеткізілді. Тәртіп сақшылары жасөспірімнің көлікке қалай қол жеткізгенін және оған тізгінді кім бергенін анықтап жатыр. Қылмыстық іс аясында көлік иесіне де, баланың тәрбиесіне немқұрайлы қараған ата-анасына да құқықтық баға беріліп, жауапкершілікке тартылмақ.

БіздіңTelegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

Kazpravda.kz/Адильбек Тауекелов

 Qaz365.kz

Comments (0)
Add Comment