Қарасай ауылдық округіне қарасты Еңбек ауылында адал еңбегімен елге үлгі болып жүрген ардагер Құрманғазы Жетігеновтың өмір жолы – кейінгі ұрпаққа өнеге.
1997 жылы өз қолымен 40 түп алмұрт, 20 түп алма ағашын отырғызған еңбек ардагері бүгінде сол ағаштардың жемісін көріп отыр. Жасы 30-дан асқан ағаштар әлі күнге дейін мол өнім беруде. Қазіргі таңда бақтан 4 тоннаға жуық алмұрт пен 1,5 тонна алма жиналады.
Құрманғазы Қалықбайұлы тек бағбан ғана емес, спорт саласында да өзіндік қолтаңбасы бар азамат. Жастайынан үстел теннисімен айналысып, кейін каратеден «қара белбеу» иегері атанған. Бішкек қаласы мен Свердлов ауданының чемпионы болған спорт ардагері бүгінде Қарасай ауылдық спорттық сауықтыру кешенінде жасөспірімдерге дәріс беріп келеді.
Еңбек пен спортты қатар алып жүрген Құрманғазы Жетігенов – жастарға үлгі болатын тәлімгер, туған жерінің мақтанышы.