Кеңестің кезекті отырысы

2026 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
Отырыста мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау және тәртіптік жауапкершілік мәселелеріне қатысты үш мәселе қаралды.
Атап айтқанда, Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының Көліктік бақылау бөлімінің басшысына қатысты қозғалған тәртіптік іс бойынша жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері тыңдалды.
Сондай-ақ Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті Әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жыл және 2026 жылдың өткен кезеңіндегі қызметінің қорытындылары, сондай-ақ Байзақ ауданы әкімі аппаратының Бірыңғай тәртіптік комиссиясының атқарған жұмыстары қаралды.
Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға анықталған кемшіліктерді жою, заңнама мен Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және профилактикалық жұмысты күшейту жөнінде ұсынымдар қабылданды.
Comments (0)
Add Comment