Кеңестің кезекті отырысы

15
🔹2026 жылғы 21 тамызда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті жанындағы Әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.
🔹Отырыста мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтау және тәртіптік жауапкершілік мәселелеріне қатысты үш мәселе қаралды.
🔹Атап айтқанда, Жамбыл облысы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының Көліктік бақылау бөлімінің басшысына қатысты қозғалған тәртіптік іс бойынша жүргізілген қызметтік тергеп-тексеру нәтижелері тыңдалды.
🔹Сондай-ақ Жамбыл облысының жер ресурстарын басқару департаменті Әдеп жөніндегі уәкілінің 2025 жыл және 2026 жылдың өткен кезеңіндегі қызметінің қорытындылары, сондай-ақ Байзақ ауданы әкімі аппаратының Бірыңғай тәртіптік комиссиясының атқарған жұмыстары қаралды.
🔹Қаралған мәселелердің қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға анықталған кемшіліктерді жою, заңнама мен Әдеп кодексі талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және профилактикалық жұмысты күшейту жөнінде ұсынымдар қабылданды.
Leave A Reply

Your email address will not be published.