Бірлікпен егілген жасыл белдеу

«ТАЗА QAZAQSTAN» экологиялық акциясы аясында «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалы мен Еуразиялық банк Тараз қаласындағы филиалы бірлесіп ауқымды ағаш отырғызу акциясын ұйымдастырды.
Игі іс-шара облыстық көпбейінді онкология және хирургия орталығы мен Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті жанындағы жаңадан салынған аллеяда өтіп, 500 түп туя, қарағай, сирень, айва, ақ үйеңкі және тұт секілді жеміс және сәндік ағаш түрлері отырғызылды.
Экологиялық шараға ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Мұқаш Ескендіров пен Әбутәліп Мүтәлі, облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров, «AMANAT» партиясы Жамбыл облыстық филиалының қызметкерлері, банк ұжымы, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, сондай-ақ «Жастар Рухы» жастар қанатының белсенділері қатысты.
Қатысушылар оқу орны мен әлеуметтік нысан аумағын көгалдандыруға өз үлестерін қосып, өңірдің экологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған бастаманы қолдады.
Comments (0)
Add Comment