Таңсәріден бастап сайлау учаскелеріне ағылған қала халқы өз таңдауын жасауға белсенді қатысып жатыр.
Қазіргі таңда бірқатар сайлау учаскелерінде дауыс беруге келген азаматтардың қарасы қалың. Учаскелерде кезек пайда болып, тұрғындар өз кезегін күтіп, дауыс беру рәсіміне қатысуда. Олардың қатарында шалғай алқаптарда тұратын азаматтар да бар. Олар да сайлау учаскелеріне арнайы келіп, азаматтық міндетін орындап, өз таңдауларын жасауда.
Сайлаудың аяқталуына 2 сағаттан астам уақыт қана қалса да, тұрғындардың белсенділігі бәсеңдер емес. Керісінше, сайлау учаскелеріне келушілер легі әлі де артып, дауыс беруге асыққан азаматтар саны көп.
Бұл – тараздықтардың қоғамдық-саяси науқанға деген қызығушылығы жоғары екенін аңғартады. Әр тұрғын өз таңдауын жасап, ел болашағына қатысты маңызды шешімге өз үлесін қосуда.