АУДАНДЫҚ ДӘРІГЕРЛЕР БИІКТЕН КӨРІНДІ

Медицина қызметкерлері күніне орай өткен медицина саласы қызметкерлері арасындағы облыстық спартакиадада Т.Рысқұлов ауданының дәрігерлері жоғары нәтижелерге қол жеткізді.
Ж. Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде ұйымдастырылған жарыста аудан дәрігерлері меркілік әріптестерімен бірлесіп, «Достық» командасының құрамында өнер көрсетіп, футбол, волейбол, жеңіл атлетика, шахмат, тоғызқұмалақ және үстел теннисінен бақ сынады.
Жарыс қорытындысы бойынша «Достық» командасы жалпыкомандалық есепте ІІ орынды иеленді. Команда мүшелері футбол мен шахматтан І орынға қол жеткізсе, волейбол және жеңіл атлетикадан жүлделі ІІІ орыннан көрінді.
Жерлестерімізді толағай жетістіктерімен шын жүректен құттықтаймыз!
Аудандық орталық аурухананың ұжымы қолдау көрсеткені үшін бас дәрігер Айман Кенжебекқызы Бекебаеваға, «QazMed» кәсіподағының төрағасы Телжан Телеубайұлы Әбікалықовқа және жарыстың жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан барлық азаматтарға алғыстарын білдіреді.
Comments (0)
Add Comment