Жаздың бір күні — жылға азық!

Бүгінде аудан дихандары уақытпен санаспай, күннің аптап ыстығына қарамастан егін жинау жұмыстарына білек сыбана кірісіп кетті.
Жалпы биылғы егін орағына барлығы 425 бірлік техника, оның ішінде 162 трактор, 101 комбайн және 162 астық тасымалдау автокөлігі жұмылдырылып, 102,1 мың гектар алқаптағы масақты дақылдарды жинау көзделуде. Орташа өнімділік 18 ц/га.
Шаруаларды қолдау мақсатында көктемгі дала жұмыстары мен егін орағына қажетті 7 мың тонна жеңілдетілген бағамен дизель отыны толығымен таратылып берілді.
Күні кеше дихандардың егін орағы жұмыстарының барысын көріп, ахуалмен танысу мақсатында «Шәушен», «Бай Алғабас» шаруа қожалықтарының егіс алқаптарына барып, басшыларымен жүздесіп қайттым.
Егіс алқаптарын зерделеу барысында егін жинау жұмыстарының барысы қаралып, астықты ысырапсыз жинау және науқанды сапалы әрі мерзімінде аяқтау міндеттері пысықталды.
Comments (0)
Add Comment