2024 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша еліміздің 10 облысында коммуналдық гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану және басқаруға маманданған ұйымдар құрылды.
Бұл ұйымдар Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Абай және Жетісу облыстарында ашылды. Осылайша, еліміздегі коммуналдық гидротехникалық нысандарды пайдалану және басқаруға маманданған ұйымдардың жалпы саны 16-ға жетті.
Бүгінде бұл ұйымдарда 1337 адам еңбек етеді. Бұл штат санының 93%-ы. Сондай-ақ ұйымдардың теңгеріміне 822 гидротехникалық нысан берілді.