Маңғыстауда газ электр станциясы алғашқы өнеркәсіптік электр энергиясын өндірді

Жаңаөзен қаласында салынып жатқан қуаты 120 МВт газ электр станциясында алғашқы өнеркәсіптік электр энергиясы өндірілді.

Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, бұл оқиға – «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мен Eni S.p.A. компаниясы бірлесіп жүзеге асырып жатқан жалпы қуаты 247 МВт гибридті электр станциясы жобасын іске асырудың маңызды кезеңі.

Жоба аясында біржолақты энергетикалық кешенге қуаты 50 МВт күн электр станциясы, қуаты 120 МВт газ электр станциясы және қуаты 77 МВт жел электр станциясы біріктіріледі. Бұған дейін, 2025 жылдың қыркүйегінде күн электр станциясы пайдалануға беріліп, бүгінгі күнге дейін шамамен 62 млн кВт сағ электр энергиясын өндірді.

Қазіргі уақытта газ электр станциясында алты газпоршеньді агрегат орнатылып, кернеуі 110 кВ қосалқы станция құрылысы аяқталды. Нысанда іске қосу-реттеу жұмыстары жүргізілуде. Құрылысқа  мыңнан астам адам тартылған. Газ электр станциясын ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жоба аясында жел электр станциясының құрылысы жалғасуда.

Жобаны іске асыру өңірдегі өнеркәсіптік кәсіпорындарды тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етуге, энергетикалық орнықтылықты арттыруға және нысан пайдалануға берілгеннен кейін 70-ке жуық жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді.

38
Comments (0)
Add Comment