Алматы — Екатеринбург күре жолында 51 адам эвакуацияланды

532

Қарағанды облысында, Алматы — Екатеринбург күре жолының 523-ші шақырымында Астана — Шымкент бағыты бойынша келе жатқан 51 жолаушысы бар автобус бұзылды.

Бұл жағдай туралы хабар «Сарышаған» трассалық медициналық-құтқару бекетінің диспетчеріне 2 қараша күні келіп түскен. Жолаушыларды эвакуациялау және медициналық көмек көрсету үшін оқиға орнына «Сарышаған» ТМҚБ-нің дәрігер, фельдшер, құтқарушы және жүргізушіден құралған шұғыл әрекет ету бригадасы жіберілген.

Барлық жолаушылар тексеруден өткізіліп, олардан салқын тию белгілері, тұмау белгілері, дене қызуының көтерілуі сияқты белгілер табылған жоқ. Яғни, ешкімге шұғыл медициналық көмек көрсетудің қажеті болмаған.

ТМҚБ бригадасы 17 жолаушыны «Аян» дәмханасына жеткізген. Қалған 34 жолаушыны Қарағанды облысы бойынша ЖПҚ қызметкерлері эвакуациялады.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.