Әлеуметтік осал топтар мен жұмыссыздар жергілікті бюджет есебінен сақтандырылады

51

2025 жылдың шілде айында МӘМС заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2026 жылдан бастап әлеуметтік тұрғыдан осал D және E санатындағы азаматтарды МӘМС-пен қамту механизмі бүкіл елде іске қосылады.

Келесі жылдан бастап ресми тіркелген жұмыссыздар үшін МӘМС жарналарын республикалық бюджет емес, жергілікті әкімдіктер төлейді.

Жаңа бастаманың мақсаты — әлеуметтік осал топтағы азаматтарды медициналық сақтандырумен қамтуды күшейту, медициналық қызметтерге қолжетімділігін арттыру және жұмыссыздықты жою.

Бүгінгі таңда Жамбыл облысы бойынша сақтандырылған азаматтар саны 946 мың яғни халықтың 80,5 пайызы сақтандырылған. Оның ішінде жеңілдік санатындағы 700 мыңға жуық адамның жарнасын мемлекет төлеуде. Ал сақтандырылмағандар саны шамамен 224 мың адамды құрап отыр. Бүгінде облыс бойынша (D және E деңгейі) санаттарына жататын азаматтар саны 70 мыңның шамасында. Енді жергілікті атқарушы билік бұл мәселені зерделеп, нақты жұмыстар атқаратын болады.

Бұл шешім республика бойынша:
• жұмыс орындарын ашуға ықпал етеді;
• кедейлікті азайтады;
• жұмыссыздарды нақты есепке алуға мүмкіндік береді;
• осал топтардың медициналық көмекке қолжетімділігін сақтайды.

• 2026 жылы МӘМС жүйесіне 45,3 млрд теңге түседі деп жоспарлануда:
• 30,4 млрд – әлеуметтік осал азаматтар үшін;
• 15 млрд – жұмыссыздар үшін.

Нәтижесінде осы шаралардың нәтижесінде 2026 жылы шамамен 1 миллион адам МӘМС жүйесімен қамтылады.

Айта кетейік, бұл жүйе желтоқсанда Ақмола облысы мен Астана қаласында пилоттық режимде сынақтан өтіп жатыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.