Әлеуметтік-еңбек саласын цифрландырудағы міндеттер өтініш берушіден мемлекеттік қызметтер көрсетудің айқындау сипатына көшу және халықтың қажеттіліктерін уақтылы қанағаттандыру болып табылады. Осы мақсатқа қол жеткізуде «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесінің септігі зор.
«ОЦК» – бұл әртүрлі мемлекеттік органның мәліметтерін жинақтауға, азаматтардың әлеуметтік жағдайы деңгейін анықтауға және оларға проактивті сипатта кепілдендірілген мемлекеттік қолдау көрсетуге мүмкіндік беретін ақпараттық жүйе. Бүгінгі таңда жүйеде 19,5 миллион қазақстандық немесе 6,3 миллион отбасы туралы ақпарат жинақталған.
Азаматтардың әл-ауқат деңгейі бес сипат арқылы анықталады:
Экономикалық өмір сүру жағдайы;
Денсаулық сақтау қызметтерімен қамту және мүгедектігі бар адамдардың болуы;
Тұрғын үй жағдайы;
Әлеуметтік жағдай;
Отбасы мүшелерінің білім беру қызметтерімен қамтылуы және білім деңгейі.
Бүгінде ақпараттық жүйедегі деректерді өзектендіруге байланысты жауапты басқармалармен, яғни, білім, денсаулық, жастар саясаты, ауыл шаруашылығы және Тараз қаласы мен аудан әкімдіктерімен бірлесіп, отбасы мүшелеріндегі азаматтардың мәліметін нақтылау жұмыстары жүргізілуде.
Ақпараттық жүйедегі мәліметтерді өзектендіруге денсаулық сақтау басқармасының 3, ауыл шаруашылығы басқармасының 2, жастар саясаты басқармасының 3, білім басқармасының 2, қалалық және аудандық білім бөлімдерінің 19, қалалық және аудан әкімдіктері ішкі саясат бөлімдерінің 11 қызметкеріне логин беріліп, өзектендіруге қатысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
«ОЦК» ақпараттық жүйесіндегі мәліметтерді келесі салалар бойынша іске асыру жоспарланған. Білім басқармасы мектепке дейінгі (2-6 жас аралығы) 42380 баланы, мектепке немесе техникалық және кәсіптік білім беру мекемесіне бармайтын 21832 баланы өзектендіру, денсаулық сақтау басқармасы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлем жасамаған 21 9102 азаматты нақтылау, жастар саясаты басқармасы NEET санаттағы 36987 жасты анықтау және ауыл шаруашылығы басқармасы қорда аударымдары жоқ жеке кәсіпкерлер, шаруа және фермерлік қожалықтар бойынша 38499 адамды өзектендіруі қажет.
Жұмыс алгоритміне сәйкес өзектендірілуге жататын азаматтардың мәліметін өз құзыреті шегінде «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіне енгізу арқылы өзектендіру жұмыстары әрбір жауапты басқармалар тарапынан жүргізіледі.
Нәтижесінде цифрлық карта арқылы әр жанұядағы адам санын, әрбір мүшесіне шаққандағы орташа табысын, жұмысқа жарамсыз жандардың бар-жоғын, баспана, денсаулық жағдайын дер кезінде анықтауға мүмкіндік туады.
Бұл жүйенің тиімділігі тиісті төлемдерді өтініш бермей-ақ, автоматты түрде ала алады және мұқтаж отбасыларды дер кезінде анықтайды.