Африканың 4 дүркін үздік футболшысы бас бостандығынан айырылды

409

Мысырдың қаржы және коммерциялық істер жөніндегі соты бұрынғы танымал футболшы Мұхаммед Әбу Трикті салық төлеуден жалтарғаны үшін бір жыл мерзімге бас бостандығынан айырып, айыппұл салды.

40 жастағы футболшы 20 мың Мысыр фунты (1100 мың АҚШ долларынан астам) мөлшерінде айыппұл, сот шығындарын және газдалған сусын және байланыс операторларының бірінің жарнамасынан алған табыстарынан 710 мың фунт (40 мың доллар шамасында) салық төлеуі тиіс.

Мансабын 2013 жылы аяқтаған Әбу Трик Мысыр құрамасы сапында 2006, 2008 жылдары Африка Ұлттар кубогын жеіңп алған болатын. Бұдан тыс, қара құрлықтағы ең беделді клубтардың бірі «Әл-Ахли» құрамында 24 титул жеңіп, Африканың төрт дүркін үздік футболшысы (2006, 2008, 2012, 2013) атанған.

inform.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.