Адасушылықтың алдын алудың жолы – ағартушылық

33

Бүгінде жер-жерге үрейін сепкен діни экстремизм мәселесі әлемдік деңгейдегі проблемаға айналып отыр. Ендеше, онымен күресудің ең басты тетігі – осы жолда күш біріктіріп, бірлесе әрекет ету болмақ. Бұл бағытта елімізде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы аянбай еңбек етіп келеді.

Жуырда өңірлік ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесінде дін өкілдерімен өткен топтық кездесуде мамандар жазасын өтеушілерді дәстүрлі діни ағымдардан адаспауға шақырды. Мекеме теологы әділет аға лейтенанты Нұрсұлтан Желдібаевтың ұйытқы болуымен өткен басқосуға облыс әкімдігі дін істері басқармасының теологтары А.Құлымбетов, Б.Бекмолдаев арнайы қатысып, «Діни адасушылықтың алдын алу» тақырыбында сотталған азаматтармен сүбелі сұхбат құрды. Сондай-ақ, жиында жазалы жандар назарына «Салафизм адастырады» атты бейне түсірілім ұсынылды.

Мамандар мұндай басқосулар теріс ағымдардың жетегінде кетпеудің алдын алып қана қоймай, сотталғандардың діни сауаттылығын арттырады деп отыр.

Құрманғазы Далибаев,
ЖД-158/7 мекемесінің қызметкері

Leave A Reply

Your email address will not be published.