Адал азамат. Адал еңбек. Адал табыс» байқаулары өз мәресіне жетті

35

Жамбылда «Адал азамат. Адал еңбек. Адал табыс» байқаулары өз мәресіне жетті

Жамбыл облысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті мен Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы бірлесіп ұйымдастырған «Адал азамат. Адал еңбек. Адал табыс» бейнероликтер байқауы, «Адал азамат» сурет байқауы және «Әділетті қоғам жолында» мәнерлеп оқу шеберлігі байқауы өз мәресіне жетті.

Адалдық пен әділеттілікті насихаттауға бағытталған бұл байқауларға облыс бойынша 200-ден астам мектеп оқушылары қатысып, өздерінің шығармашылық қабілеттері мен азаматтық көзқарастарын көрсетті. Іріктеу кезеңінен өткен үздік жұмыстар арнайы дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Марапаттау рәсімі Тараз қаласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Дарын-лицей интернатында» өтті. Салтанатты жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары Дәурен Омаров, Тараз қалалық мәслихатының депутаты Талғат Дүйсенов, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының орта білім және педагог кадрлармен жұмыс бөлімінің басшысы, «Адал қоғам» қоғамдық бірлестігінің менеджері Назима Жұбандықова қатысты.

Бұл байқаулар өскелең ұрпақ арасында адалдық құндылықтарын дәріптеу және азаматтық жауапкершілікті арттыру мақсатында өткізілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.