«Əулиеата бояулары» фестивалінің іріктеу кезеңі өтті

408

Бейнелеу өнерін дамыту, өңірдің көркем табиғатын, тарихи орындарын фото және пейзаж тілінде сөйлету, қолөнершілердің туындыларын көпшілікке таныту, жергілікті суретшілерді қолдау, шығармашылығын насихаттау мақсатында Жамбыл облысы əкімдігінің мəдениет, архивтер жəне құжаттама басқармасы Облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен «Əулиеата бояулары» атты І халық шығармашылығы фестивалінің қалалық, аудандық іріктеу кезеңі облыс аудандары мен Тараз қаласында 2019 жылдың 14-17 мамыр күндері аралығында өтті.

Сараптау комиссиясының құрамында суретші, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі – Айдархан Сихаев, өнертапқыш, қолөнерші – Пернебек Ахметов, Облыстық халық шығармашылығы орталығының бөлім басшысы – Азамат Байжанов болды.

Қалалық, аудандық іріктеу кезеңіне барлығы 300 үміткер қатысып, 134 үміткер облыстық кезеңге жолдама алды. Ақтық кезеңге жолдама алған қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.